https://sputnik.kz/20241205/qazaqstan-ulttyq-banki-depozitter-boyynsha-shygyndy-otemeydi-49064332.html
Қазақстан Ұлттық банкі депозиттер бойынша шығынды өтемейді
Қазақстан Ұлттық банкі депозиттер бойынша шығынды өтемейді
Sputnik Қазақстан
Азаматтардың теңгеге сенімі бұдан былай Қазақстан Ұлттық банкінің басымдығы емес: қазақстандықтарға теңгедегі депозиттері үшін өтемақы төленбейді 05.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-05T17:29+0500
2024-12-05T17:29+0500
2024-12-05T17:29+0500
депозит
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/230/96/2309675_0:143:3135:1906_1920x0_80_0_0_bf020ef6767ef7fd1cc8436ed60ac3de.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенатта сөйлеген сөзінде азаматтардың теңгемен ашқан депозиттері үшін өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданғанын айтты.Бұрын мұндай өтемақы халықтың теңгедегі депозиттеріне деген сенімін арттыру мақсатында айырбас бағамының әрбір елеулі ауытқуы кезінде жүзеге асырылатын. Мұндай шара соңғы рет 2022 жылы қабылданған болатын. Сол кезде салымшы бір жыл ішінде есепшоттан ақша алмайды деген талаппен депозиттер бойынша салымның жалпы сомасының 10%-ы мөлшерінде сыйақы есептелді.2022 жылы өтемақы берілді, себебі ол кезде бағамдар арасындағы айырмашылық жоғары болды. Ұлттық банк төрағасы доллар бағамы 400 теңгеден 530 теңгеге дейін көтерілгенін еске салды."Ол кезде депозит мөлшерлемесі 8-9% шамасында болатын. Яғни, халықтың депозитте 8-9 пайыздық үстемемен ақшасы болған. Немесе қазір – 15%. Бұл әртүрлі жағдай. Сондықтан үкімет те, Ұлттық банк те халық теңгеден кетіп, доллар сатып алмас үшін оларды ұстап тұру үшін оларға мемлекеттік сыйлықты беру керек деп шешті", - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.Тимур Сүлейменов инфляция мен теңге бағамы туралы да мәлімдеме жасады. Ол тұрақты валюта бағамын белгілеуге қарсы болды, өйткені бұл жиі құнсыздануға және қорлардың сарқылуына әкелуі мүмкін."Бізде 2015 жылға дейін болған тіркелген валюта бағамы біздің экономикалық жағдайда жүзеге асырылмайды. Мұнайға тәуелділігіміз бен оның ауытқуына байланысты теңгерімсіздіктер жинақталып, олар кейіннен бірсәттік, аяқ асты болатын, әкімшілік девальвация арқылы жүзеге асады", – деді Тимур Сүлейменов.Ол 2014–2015 жылдары мемлекет тіркелген валюта бағамын қорғау үшін резервтен 30 миллиард теңге жұмсағанын, кейін оның шынайы макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтінін мойындап, нәтижесінде девальвация болғанын айтты."Бұл аяқ асты болатын міндетті девальвацияға апаратын жол. Сондықтан біз қазір сарапшылар арасында пайда болған бұл әңгімелерді қолдамаймыз", - деп айтты Ұлттық банк төрағасы.Оның пікірінше, тіркелген валюта бағамы кезінде мемлекет елдегі және әлемдегі жағдайға қарамастан ұлттық валютаны қолдауға мәжбүр болады. Депозиттердің, несиелердің және жалпы экономиканың "долларлануы" қалыптасады."Яғни, біз басқа мемлекеттің валютасын өз елімізге кіргіземіз және соңында біз соған бейімделу керекпіз. Бұл жерде мен экономикалық агенттерді – ірі корпорацияларды, банктерді, қаржы салаларын айтып отырмын. Олар Ұлттық банктің немесе үкіметтің шешіміне емес, АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің ақша-несие саясатына бейімделе бастайды. Ақша-несие саясатын басқа мемлекетке тәуелді ету өте қауіпті. Менің ойымша, бұл дұрыс емес шешім", - деді Сүлейменов.Оның пікірінше, қазір Қазақстанда қалыптасқан ішінара құбылмалы айырбас бағамы ел экономикасын сипаттайды және оның өсуіне немесе құлдырауына сәйкес келеді."Бірақ бұл ақырындап және нарық заңдарына сәйкес жүреді. Сондықтан, менің ойымша, қазіргі валюта бағамының режимі біздің елдің жалпы макроэкономикалық үлгісіне сәйкес келеді және осыған байланысты біз оны ұстануға ниеттіміз", - деп түйіндеді Сүлейменов.Бір күн бұрын әлеуметтік желіде бірқатар қазақстандық қаржыгер инфляциялық таргеттеуден валюта бағамын таргеттеу режиміне көшуді құптаған болатын.
https://sputnik.kz/20241202/dollar-alu-kerek-pe--ministr-kenes-berdi-48992641.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/230/96/2309675_201:0:2932:2048_1920x0_80_0_0_380da39cf4e27aa2f60d3f2f09b89121.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депозит, ұлттық банк
Қазақстан Ұлттық банкі депозиттер бойынша шығынды өтемейді
Азаматтардың теңгеге сенімі бұдан былай Қазақстан Ұлттық банкінің басымдығы емес: қазақстандықтарға теңгедегі депозиттері үшін өтемақы төленбейді
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенатта сөйлеген сөзінде азаматтардың теңгемен ашқан депозиттері үшін өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданғанын айтты.
Бұрын мұндай өтемақы халықтың теңгедегі депозиттеріне деген сенімін арттыру мақсатында айырбас бағамының әрбір елеулі ауытқуы кезінде жүзеге асырылатын. Мұндай шара соңғы рет 2022 жылы қабылданған болатын. Сол кезде салымшы бір жыл ішінде есепшоттан ақша алмайды деген талаппен депозиттер бойынша салымның жалпы сомасының 10%-ы мөлшерінде сыйақы есептелді.
"Сол кезде расында да үкімет те, Ұлттық банк те халық теңгеден кетіп, доллар сатып алмас үшін оларды ұстап тұру үшін оларға мемлекеттік сыйлықты беру керек деп шешті. Қазір біз депозиттік мөлшерлеменің деңгейі айтарлықтай жоғары деп есептейміз. Шынымды айтсам, депозитті теңгемен сақтау долларға қарағанда жеңілірек деп ойлаймын. Сондықтан мұндай бағдарлама қарастырылмаған. Оның үстіне, ол айтарлықтай үлкен фискалдық шығындарды талап етеді. Қазір мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктері біршама шектеулі", - деді Тимур Сүлейменов.
2022 жылы өтемақы берілді, себебі ол кезде бағамдар арасындағы айырмашылық жоғары болды. Ұлттық банк төрағасы доллар бағамы 400 теңгеден 530 теңгеге дейін көтерілгенін еске салды.
"Ол кезде депозит мөлшерлемесі 8-9% шамасында болатын. Яғни, халықтың депозитте 8-9 пайыздық үстемемен ақшасы болған. Немесе қазір – 15%. Бұл әртүрлі жағдай. Сондықтан үкімет те, Ұлттық банк те халық теңгеден кетіп, доллар сатып алмас үшін оларды ұстап тұру үшін оларға мемлекеттік сыйлықты беру керек деп шешті", - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.
Тимур Сүлейменов инфляция мен теңге бағамы туралы да мәлімдеме жасады. Ол тұрақты валюта бағамын белгілеуге қарсы болды, өйткені бұл жиі құнсыздануға және қорлардың сарқылуына әкелуі мүмкін.
"Бізде 2015 жылға дейін болған тіркелген валюта бағамы біздің экономикалық жағдайда жүзеге асырылмайды. Мұнайға тәуелділігіміз бен оның ауытқуына байланысты теңгерімсіздіктер жинақталып, олар кейіннен бірсәттік, аяқ асты болатын, әкімшілік девальвация арқылы жүзеге асады", – деді Тимур Сүлейменов.
Ол 2014–2015 жылдары мемлекет тіркелген валюта бағамын қорғау үшін резервтен 30 миллиард теңге жұмсағанын, кейін оның шынайы макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтінін мойындап, нәтижесінде девальвация болғанын айтты.
"Бұл аяқ асты болатын міндетті девальвацияға апаратын жол. Сондықтан біз қазір сарапшылар арасында пайда болған бұл әңгімелерді қолдамаймыз", - деп айтты Ұлттық банк төрағасы.
Оның пікірінше, тіркелген валюта бағамы кезінде мемлекет елдегі және әлемдегі жағдайға қарамастан ұлттық валютаны қолдауға мәжбүр болады. Депозиттердің, несиелердің және жалпы экономиканың "долларлануы" қалыптасады.
"Яғни, біз басқа мемлекеттің валютасын өз елімізге кіргіземіз және соңында біз соған бейімделу керекпіз. Бұл жерде мен экономикалық агенттерді – ірі корпорацияларды, банктерді, қаржы салаларын айтып отырмын. Олар Ұлттық банктің немесе үкіметтің шешіміне емес, АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің ақша-несие саясатына бейімделе бастайды. Ақша-несие саясатын басқа мемлекетке тәуелді ету өте қауіпті. Менің ойымша, бұл дұрыс емес шешім", - деді Сүлейменов.
Оның пікірінше, қазір Қазақстанда қалыптасқан ішінара құбылмалы айырбас бағамы ел экономикасын сипаттайды және оның өсуіне немесе құлдырауына сәйкес келеді.
"Бірақ бұл ақырындап және нарық заңдарына сәйкес жүреді. Сондықтан, менің ойымша, қазіргі валюта бағамының режимі біздің елдің жалпы макроэкономикалық үлгісіне сәйкес келеді және осыған байланысты біз оны ұстануға ниеттіміз", - деп түйіндеді Сүлейменов.
Бір күн бұрын әлеуметтік желіде бірқатар қазақстандық қаржыгер инфляциялық таргеттеуден валюта бағамын таргеттеу режиміне көшуді құптаған болатын.