Екі өңірдің тұрғындарына тауарлық газды сатып алуға жеңілдік беріледі

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуГазовое оборудование в автомобиле
Газовое оборудование в автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2024
Жазылу
Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24%-на дейін жетуі мүмкін
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтарға "Әлеуметтік әмиян" арқылы тауарлық газға жеңілдік беріледі.
Энергетика министрлігінің мәліметінше азаматтарды қолдауға бағытталған пилоттық жоба 2024 жылдың желтоқсанында "QazaqGaz Aimaq" АҚ-мен бірлесе жүзеге асырылады.
"Жоба аясында аталмыш аймақтарда тұратын атаулы әлеуметтік көмекжәне тұрғын үй көмегін алушы азаматтар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі "Әлеуметтік әмиян" сервисінде тауарлық газға жеңілдікті пайдалана алады", - деп жазылған хабарламада.
Азаматтарға1414 нөмірінен тауарлық газға ваучер түріндегі жеңілдік қолжетімді екендігі туралы SMS-хабарлама алады. Ваучерді "Әлеуметтік әмиян" қызметінде белсендіру қажет.
Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін оларға тұратын мекен-жайының есептік шотын көрсетсе жеткілікті. Және де тұтынушыға үй-жай құжатын (жекеменшік/ жалға алынған) өткізудің қажеті жоқ.
Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24%-на дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік Шымкент қаласы (631 м3/айына) мен Батыс Қазақстан облысы (833 м3/айына) әкімдіктерімен бекітілген тұтыну газ нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек.
Пилоттық жоба бес ай бойына жүзеге асырылып, әрі ол цифрландырылуға және өзге өңірлерге қанат жаюға бағытталмақ.
Толыққанды ақпарат пен бейне-нұсқаулықты сенім желісінде (5169 қысқа нөмірі), WhatsApp немесе Telegram арқылы +7 771 546-83-90 нөмірі бойынша немесе aimaq.kz сайтынан алуға болады.
Жаңалықтар
0