"Бір анықтама үшін 36 мың теңге": министрлік мұғалімдерге ескерту жасады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуУчитель в классе
Учитель в классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді анықтама мен куәлік алу үшін ақша шығаруға мәжбүрлейтінін жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде мектеп мұғалімдерін онлайн-курстан өтуге мәжбүрлейтіні туралы ақпарат тарады. Ал ақылы куәліктің құны – 2 500 теңге. Бұдан бөлек, тағы бір анықтаманы алуға міндеттейді. Оның бағасы – 36 мың теңге. Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Педагог мәртебесі туралы" заңға сәйкес, мұғалімдер үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтіп тұрады.
"Біліктілікті арттыру курстарының тізбесі жергілікті атқарушы органдар берген өтінімдер негізінде қалыптастырылады. Бұл орайда тақырып пәндерді оқытудың нақты әдістеріне қатысты болады. Әлеуметтік желілерде ақылы курстар туралы күмәнді ақпараттар таралуда, курстардың ақылы болуы ведомствоның біліктілікті арттыру курстарының жоспарында қарастырылмаған. Сондықтан педагогтерге аса мұқият әрі сақ болуды ескертеміз", - дейді министрлік мамандары.
Осы орадай күмәнді курстар туралы ақпаратты тікелей білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жіберуге болады. Сондай-ақ, толыққанды мәлімет "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сайтында бар.
Диплом - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2024
Маңғыстау облысында 9 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген
Жаңалықтар
0