ҰБТ тапсырмай грантқа түсуге тағы бір мүмкіндік болады - заң қабылданды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса парламента
Заседание мажилиса парламента - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мәжілісте ұлттық бірыңғай тестілеусіз грантқа түсе алатын жастардың тізімін кеңейтуге арналған заң қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда 2021 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына 5 миллион теңге шамасында үстемақы және конкурссыз университетке түсу үшін грант беріле бастады.

“Алайда бұл шаралармен тек халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары қамтылған еді. Ал халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары назардан тыс қалды. Бүгінгі таңда біздің оқушылар робототехника және басқа да ғылыми жарыстардан әлем чемпионаттарында жоғары жетістіктерге жетуде. Осыған байланысты, дарынды балаларды қолдау үшін, заң жобасында ең беделді халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына ҰБТ-сыз университетке түсуге грант беру ұсынылды. Біздің ойымызша, бұл әділетті әрі маңызды шешім”,- дейді депутат Аймағамбетов.

Бүгін мәжіліс депутаттары осы ұсынысты қолдап, заңға енгізілген түзетуді қабылдады.
колледж - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2024
Қазақстанда колледждерге ҰБТ нәтижесі бойынша қабылдауы мүмкін
Жаңалықтар
0