Түркістан облысында мақта зауыты жұмыс істей бастады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиВ Кентау выращивают сорт хлопка "Туркестан"
В Кентау выращивают сорт хлопка Туркестан - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2024
Жазылу
Өнім Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран және Қырғызстанға экспортталады
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында жылына 80 мың тонна мақта талшығын шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлады АРК жаңалықтары агенттігі.
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында мақта кластерін дамыту аясында 2024-2030 жылдар аралығында жалпы құны 70 миллиард теңгені құрайтын 8 ірі жоба жүзеге асырылады.
Жылына 80 мың тонна мақта талшығын шығаратын "ZHANASSYL" ЖШС зауыты 3 желтоқсанда іске қосылды.
Кәсіпорынның Мақтаарал және Жетісай аудандарында 13 мақта қабылдау пункті жұмыс істейді.
Егін жинау науқаны басталғалы 41 мың тоннадан астам мақта қабылданды. Зауыт тәулігіне 600 тонна шикізат мақтаны өңдеп, 180 тонна жоғары сапалы мақта талшығы, мақта линтін және басқа да өнімдер шығарады.
Өнім Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран және Қырғызстанға экспортталады.
Сонымен қатар жоба аясында кәсіпорын тамшылатып суару таспасы мен мақта тұқымын өңдейтін өндіріс орындарын салуда. Жобалардың жалпы құны 3 млрд теңгені құрайды. Оларды 2025 жылы іске қосу жоспарланған.
Жаңалықтар
0