https://sputnik.kz/20241204/shetelden-qaytarylgan-aqshaga-tagy-bir-nysan-salynady-49023918.html
Шетелден қайтарылған ақшаға тағы бір нысан салынады
Шетелден қайтарылған ақшаға тағы бір нысан салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік... 04.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-04T08:45+0500
2024-12-04T08:45+0500
2024-12-04T09:02+0500
үкімет
сыбайлас жемқорлық
шымкент
https://sputnik.kz/img/645/62/6456236_0:167:1600:1067_1920x0_80_0_0_487c9616aa0e66fc26ab35cc457b339b.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Шымкент қаласындағы "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, ғимарат 300 орынға есептелген. Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады. Бүгінде "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған. Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр. Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды. Бұған дейін Үкімет Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Атырау облысының Жамансор ауылында мектеп салу, Риддер қаласында көпбейінді аурухана кешенінің құрылысын аяқтау секілді жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Жұмыс жалғасып жатыр.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/645/62/6456236_124:0:1547:1067_1920x0_80_0_0_1addeacb862639e5c1c7f905c7569d58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, сыбайлас жемқорлық, шымкент
үкімет, сыбайлас жемқорлық, шымкент
Шетелден қайтарылған ақшаға тағы бір нысан салынады
08:45 04.12.2024 (жаңартылды: 09:02 04.12.2024) АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Шымкент қаласындағы "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, ғимарат 300 орынға есептелген. Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады.
Бүгінде "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған. Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр. Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды.
Бұған дейін Үкімет Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Атырау облысының Жамансор ауылында мектеп салу, Риддер қаласында көпбейінді аурухана кешенінің құрылысын аяқтау секілді жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Жұмыс жалғасып жатыр.