Қостанай тұрғыны емханадан 700 мың теңге моральдық шығын өндіріп алды

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуЦентр по профилактике и борьбе со СПИДом
Центр по профилактике и борьбе со СПИДом - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Қостанай тұрғыны инъекцияны дұрыс салмаған емханадан 700 мың теңге моральдық шығын өндіріп алды, деп хабарлайды Қостанай қаласының соты.
Қостанай қалалық соты Қостанай қаласының емханасына моральдық зиянды өтеу туралы шешім шығарды.
"Тамыр ішіне инъекция жүргізу кезінде пациентте жергілікті асқыну пайда болған. Бұл одан әрі оң жақта шынтақ және ортаңғы нервтердің зақымдануына ұласқан", - делінген сот анықтамасында.
Сот "Қостанай қаласының емханасы" КМК-дан зардап шегушінің пайдасына 700 000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиянның өтемақысы өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Стоматология  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2024
Қызылорда бала тіс дәрігерінің емінен кейін мүгедек болып қалды
Жаңалықтар
0