https://sputnik.kz/20241204/qonaevtagy-bazarda-merzimi-otken-azyq-tulik-satylgan-49032119.html
Қонаевтағы базарда мерзімі өткен азық-түлік сатылған
Қонаевтағы базарда мерзімі өткен азық-түлік сатылған
Sputnik Қазақстан
Ірі қара малдың еті, шұжықтар, сүт өнімдері ашық аспан астында сатылып тұр 04.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-04T21:00+0500
2024-12-04T21:00+0500
2024-12-04T21:00+0500
базар
қонаев қаласы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/04/49031459_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_19a7f5ed6393562bc27b8dcd69bd49da.jpg
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Қонаевтағы "Алға" базарында мерзімі өткен азық-түлік сатылған. Бұған дейін бірнеше рет айтылған проблеманы шешу үшін мониторингтік топ құрылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов мониторингтік топ құрған. Оның құрамына ветеринарлық инспекция, зертхана, жер қатынастары, кәсіпкерлік, ішкі саясат бөлімдерінің мамандары кірген. Сенбі күндері мониторингтік топ базарды тексерген. Өйткені әр сенбі мұнда жәрмеңке ұйымдастырылады."Алға" базары демалыс күндері жәрмеңке өткізу орыны ретінде бекітілмеген. Алайда базар басшылығы бұл фактіні теріске шығарып отыр. Ірі қара малдың еті, өкпе-бауыр, қарын майы, сирақтар, шұжықтар, сүт өнімдері ашық аспан астында сатылып тұр. Бұл санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Мерзімі өткен шұжықтар мен түрлі тәттілерді, азық-түліктерді "үй жануарларына арналған тағам" ретінде сату деректері де тіркелді. Сондай-ақ ветеринарлық анықтамасы жоқ 2 сатушыға айыппұл салынды. Сынамалар зертханаларға жіберілді", - дейді ведомство.Сондай-ақ сатылып жатқан жұмыртқаның тиісті құжаттары жоқ."Базарда тұрақ саны жеткіліксіз, сатушыларға жағдай жасалмаған, жабық павильондар жоқ және базар аумағы стандарттарға сәйкес келмейді. Мониторингтік топтың бұл ақпараты ары қарай шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі. Сонымен қатар әкімдік бұл нысанды талаптарға сәйкестендіру үшін бірқатар шараны қолға алады", - дейді Қонаев қалалық әкімдігі.Базар тұрған жер 11 учаскеге бөлінген, иелері де әртүрлі. Қысқы маусымда сенбі күнгі жәрмеңкеде 100-120 орында сауда жасалады. Жаздың күні бұл көрсеткіш 150-ге жетеді. Сатушылардың көбі Алатау қаласынан, Талғар ауданынан келеді. Арасында қонаевтықтар да бар. Апта сайын жәрмеңкеге 40 тонна картоп, 50 тонна пияз, 20 тонна сәбіз, 20 тонна қырыққабат әкелінеді.
қонаев қаласы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/04/49031459_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_589b33eaf2a64fd7c8f4503ff329a39f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
базар, қонаев қаласы
Қонаевтағы базарда мерзімі өткен азық-түлік сатылған
Ірі қара малдың еті, шұжықтар, сүт өнімдері ашық аспан астында сатылып тұр
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Қонаевтағы "Алға" базарында мерзімі өткен азық-түлік сатылған. Бұған дейін бірнеше рет айтылған проблеманы шешу үшін мониторингтік топ құрылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов мониторингтік топ құрған. Оның құрамына ветеринарлық инспекция, зертхана, жер қатынастары, кәсіпкерлік, ішкі саясат бөлімдерінің мамандары кірген. Сенбі күндері мониторингтік топ базарды тексерген. Өйткені әр сенбі мұнда жәрмеңке ұйымдастырылады.
"Алға" базары демалыс күндері жәрмеңке өткізу орыны ретінде бекітілмеген. Алайда базар басшылығы бұл фактіні теріске шығарып отыр. Ірі қара малдың еті, өкпе-бауыр, қарын майы, сирақтар, шұжықтар, сүт өнімдері ашық аспан астында сатылып тұр. Бұл санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Мерзімі өткен шұжықтар мен түрлі тәттілерді, азық-түліктерді "үй жануарларына арналған тағам" ретінде сату деректері де тіркелді. Сондай-ақ ветеринарлық анықтамасы жоқ 2 сатушыға айыппұл салынды. Сынамалар зертханаларға жіберілді", - дейді ведомство.
Сондай-ақ сатылып жатқан жұмыртқаның тиісті құжаттары жоқ.
"Базарда тұрақ саны жеткіліксіз, сатушыларға жағдай жасалмаған, жабық павильондар жоқ және базар аумағы стандарттарға сәйкес келмейді. Мониторингтік топтың бұл ақпараты ары қарай шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі. Сонымен қатар әкімдік бұл нысанды талаптарға сәйкестендіру үшін бірқатар шараны қолға алады", - дейді Қонаев қалалық әкімдігі.
Базар тұрған жер 11 учаскеге бөлінген, иелері де әртүрлі. Қысқы маусымда сенбі күнгі жәрмеңкеде 100-120 орында сауда жасалады. Жаздың күні бұл көрсеткіш 150-ге жетеді. Сатушылардың көбі Алатау қаласынан, Талғар ауданынан келеді. Арасында қонаевтықтар да бар. Апта сайын жәрмеңкеге 40 тонна картоп, 50 тонна пияз, 20 тонна сәбіз, 20 тонна қырыққабат әкелінеді.