https://sputnik.kz/20241204/khalyqty-aldaytyn-kasipkerlerge-qomaqty-ayyppul-salynady--mazhilis-zandy-qabyldady-49035362.html
Халықты алдайтын кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынады – мәжіліс заңды қабылдады
Халықты алдайтын кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынады – мәжіліс заңды қабылдады
Sputnik Қазақстан
Еділ Жаңбыршин супермаркеттер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 20-30 теңге қосып қойып, миллиондап негізсіз пайда тауып жатқанын айтты 04.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-04T17:36+0500
2024-12-04T17:36+0500
2024-12-04T17:37+0500
супермаркет
жеке кәсіпкерлер
айыппұл
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_0:66:2048:1218_1920x0_80_0_0_86cb50a6fb4ec14e4a2c2de9233b0885.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістерді қабылдады. Халықты алдайтын кәсіпкерлерге айыппұлды көптеп салу шарасын сол күйінде қалдыруға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, бүгінде сауда орындарында бағаны дұрыс қоймау, бағаны мүлдем көрсетпеу, мерзімі өтіп кеткен тауарларды сату және тағы басқа тәртіп бұзушылықтар бар.Осы орайда депутат шетелдің тәжірибесін мысалға келтірді. Ұлыбританияда бір сауда компаниясы құлпынайдың бағасын дұрыс қоймағаны үшін 500 мың долларға дейін айыппұл төлеуге міндеттелді. Чехияда сыра компаниясы сөреде және кассада екі бөлек баға көрсеткені үшін 280 мың крон айыппұл арқалады."Ал бізде үлкен супер және гипермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар картоп болсын, ұн болсын, шекер болсын, күріш болсын, соған 20-30 теңге қосып қояды. Ол жерден ай сайын мыңдаған адам өтеді. Солардан миллиондап негізсіз пайда тауып жатыр. Сонда олар кімді алдап отыр? Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарызды алдап отыр, ол – зейнеткерлер, ол – мүгедектер, ол – көпбалалы аналар. Солар бірінші болып алданады ғой", - деп атап өтті Жаңбыршин.Айта кетері, мәжілістің бүгінгі отырысында заң қабылданып, сенатқа жіберілді. Ал "Ақ жол" фракциясы кәсіпкерлерге салынатын айыппұлдың көлемін сол күйінде қалдыруға қарсы болды. Олар кәсіпкерлерге салынатын айыппұлдарды 3-5 есеге азайтуды талап еткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_227:0:2048:1366_1920x0_80_0_0_76d5c7065af2278029d6d8bc77a4dec5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
супермаркет, жеке кәсіпкерлер, айыппұл
супермаркет, жеке кәсіпкерлер, айыппұл
Халықты алдайтын кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынады – мәжіліс заңды қабылдады
17:36 04.12.2024 (жаңартылды: 17:37 04.12.2024) Еділ Жаңбыршин супермаркеттер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 20-30 теңге қосып қойып, миллиондап негізсіз пайда тауып жатқанын айтты
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаттары әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістерді қабылдады. Халықты алдайтын кәсіпкерлерге айыппұлды көптеп салу шарасын сол күйінде қалдыруға шешім қабылданды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, бүгінде сауда орындарында бағаны дұрыс қоймау, бағаны мүлдем көрсетпеу, мерзімі өтіп кеткен тауарларды сату және тағы басқа тәртіп бұзушылықтар бар.
"Сосын сөредегі тауарларға 50 проценттік акция деп жазып қояды, бірақ кассада басқа бағамен есептейді. Ондай әрекеттер, біріншіден, тұтынушылардың құқығын бұзады. Екіншіден, сауда ережесін бұзып отыр. Міне, осындай кәсіпкерлер біздің арамызда бар. Бұл норма соларға арналған. Егер тәртіп бұзушылық қайталанса, оның айыппұлы артады", - деді Жаңбыршин мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда депутат шетелдің тәжірибесін мысалға келтірді. Ұлыбританияда бір сауда компаниясы құлпынайдың бағасын дұрыс қоймағаны үшін 500 мың долларға дейін айыппұл төлеуге міндеттелді. Чехияда сыра компаниясы сөреде және кассада екі бөлек баға көрсеткені үшін 280 мың крон айыппұл арқалады.
"Ал бізде үлкен супер және гипермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар картоп болсын, ұн болсын, шекер болсын, күріш болсын, соған 20-30 теңге қосып қояды. Ол жерден ай сайын мыңдаған адам өтеді. Солардан миллиондап негізсіз пайда тауып жатыр. Сонда олар кімді алдап отыр? Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарызды алдап отыр, ол – зейнеткерлер, ол – мүгедектер, ол – көпбалалы аналар. Солар бірінші болып алданады ғой", - деп атап өтті Жаңбыршин.
Айта кетері, мәжілістің бүгінгі отырысында заң қабылданып, сенатқа жіберілді. Ал "Ақ жол" фракциясы кәсіпкерлерге салынатын айыппұлдың көлемін сол күйінде қалдыруға қарсы болды. Олар кәсіпкерлерге салынатын айыппұлдарды 3-5 есеге азайтуды талап еткен.