https://sputnik.kz/20241204/iranga-zhetkiziletin-qazaqstandyq-biday-men-arpaga-salyq-salynbaydy-49031147.html
Иранға жеткізілетін қазақстандық бидай мен арпаға салық салынбайды
Иранға жеткізілетін қазақстандық бидай мен арпаға салық салынбайды
Sputnik Қазақстан
Иран және Сингапурмен жасалған келісімдерге қазақстандық бизнес үшін айтарлықтай жеңілдіктер енгізілген 04.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-04T18:36+0500
2024-12-04T18:36+0500
2024-12-04T18:36+0500
еаэо
иран
салық
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/06/48334613_0:47:900:553_1920x0_80_0_0_4f059a6fb00f322474c14fee7a979c6a.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары ЕАЭО-ның Иран және Сингапурмен еркін сауда туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады.Құжат күшіне енгеннен кейін Қазақстаннан Иранға экспортталған бидай (3 млн тоннаға дейін) мен арпа (1,5 млн тонна) кедендік баж салығынан толығымен босатылады.Иран сондай-ақ ЕАЭО елдерінен келетін жүгері, қарақұмық, ірі қара мал еті, шоколад, күнбағыс майы, болат, тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығы техникасы сияқты тауарлардың шамамен 88%-ына кедендік баж салығын алып тастайды.ЕАЭО мен Сингапур кедендік баж салығын біртіндеп алып тастайтыны туралы келісті. ЕАЭО бастапқыда тауар номенклатурасының 40%-ы үшін баж салығынсыз режимді қамтамасыз етеді, кейін бұл көрсеткішті 88%-ға дейін арттырады.2023 жылы Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 1,8 миллиард долларды құрады, бұл ретте Сингапурдан Қазақстанға импорт көлемі 81 миллион долларды құрады.
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/06/48334613_50:0:850:600_1920x0_80_0_0_4489f2914123f0207c29b3557002d081.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, иран, салық
Иранға жеткізілетін қазақстандық бидай мен арпаға салық салынбайды
Иран және Сингапурмен жасалған келісімдерге қазақстандық бизнес үшін айтарлықтай жеңілдіктер енгізілген
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары ЕАЭО-ның Иран және Сингапурмен еркін сауда туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады.
Құжат күшіне енгеннен кейін Қазақстаннан Иранға экспортталған бидай (3 млн тоннаға дейін) мен арпа (1,5 млн тонна) кедендік баж салығынан толығымен босатылады.
Иран сондай-ақ ЕАЭО елдерінен келетін жүгері, қарақұмық, ірі қара мал еті, шоколад, күнбағыс майы, болат, тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығы техникасы сияқты тауарлардың шамамен 88%-ына кедендік баж салығын алып тастайды.
ЕАЭО мен Сингапур кедендік баж салығын біртіндеп алып тастайтыны туралы келісті. ЕАЭО бастапқыда тауар номенклатурасының 40%-ы үшін баж салығынсыз режимді қамтамасыз етеді, кейін бұл көрсеткішті 88%-ға дейін арттырады.
2023 жылы Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 1,8 миллиард долларды құрады, бұл ретте Сингапурдан Қазақстанға импорт көлемі 81 миллион долларды құрады.