Азия чемпионаты: бес баланың анасы жартылай финалға шықты

© Photo : Спортты дамыту дирекциясыӘйгерім Сәттібаева
Әйгерім Сәттібаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2024
Жазылу
Енді отандасымыз 7 желтоқсан күні өзбекстандық Фарзона Фозиловамен кездеседі
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. 48 кг дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Әйгерім Сәттібаева бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясы.
Байрақты бәсеке Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатыр.
"Осыған дейін Әйгерім 2010 жылы Астана төрінде өткен Азия чемпионатында 51 келіде қола жүлдегер атанған. 33 жастағы боксшымыз ширек финалда Филиппиннің жас спортшысы Магно Офелиядан басым түсті", - деп жазды ведомство.
Енді отандасымыз 7 желтоқсан күні 1/2 финалда Фарзона Фозиловамен (Өзбекстан) кім мықтыны анықтайды.
Әйгерім Сәттібаеваның жасы 33-те, 5 баланың анасы. Ол бокстан Азия чемпионы және қола жүлдегері, әскерилер арасында әлем чемпионы, бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 2 дүркін чемпионы Олжас Сәттібаевтың әйелі. Тағы бір қызығы, Әйгерім Сәттібаеваның әкесі бокс бапкері.
Национальный олимпийский комитет Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2024
Қазақстанның бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымына қосылды
Жаңалықтар
0