https://sputnik.kz/20241203/qazaqstanda-altyn-men-kumisti-el-aumagyna-kirgizu-zhane-shygaru-erezheleri-bekitildi-49009775.html
Қазақстанда алтын мен күмісті ел аумағына кіргізу және шығару ережелері бекітілді
Қазақстанда алтын мен күмісті ел аумағына кіргізу және шығару ережелері бекітілді
Sputnik Қазақстан
Бұл ЕАЭО-ға кірмейтін елдерге қатысты 03.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-03T14:33+0500
2024-12-03T14:33+0500
2024-12-03T14:33+0500
алтын құйма
алтын өндіру
еаэо
https://sputnik.kz/img/120/61/1206157_14:0:3655:2048_1920x0_80_0_0_bba18ffa9b563ed9eebe938eeba23433.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның өнекәсіп министрлігі алтын мен күмісті ел аумағына әкелу және экспорттау ережесін бекітті.Олар ЕАЭО-дан тыс елдерге қатысты. Енді мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.Мемлекеттік бақылау мыналарды қамтиды:бағалы металдар партиясын, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларды ілеспе құжаттамада, оның ішінде нормативтікжәне техникалық және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеру;әлемдік нарықтағы бағаларды ескере отырып, бағалы металдардың құнын бағалау;бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың шығу көзін анықтау;бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлармен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылау.Сондай-ақ құрамында бағалы металдар бар шикізаттар тауарларындағы бағалы металдардың және олардан алынатын ілеспе металдардың құрамын және басқа да маңызды мәселелерді бақылау.Бұл ретте уәкілетті орган алып шығуға немесе қайта өңдеуге қорытындыны құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары экспортының барлық болжамды жылының ұзақтығына береді. Құжаттар электронды түрде Қазақстан Республикасының "электронды үкімет" порталы арқылы беріледі.Өнеркәсіп министрлігі бұл мәселе туралы порталдардың бірінде жарияланған құжатта толығырақ хабарлады.
https://sputnik.kz/20241122/qazaqstanda-altyn-men-sirek-kezdesetin-metaldar-auktsionga-shygaryldy-48730498.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/120/61/1206157_469:0:3200:2048_1920x0_80_0_0_1782ad8294ea1e5859631f27ad12f4a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын құйма, алтын өндіру, еаэо
алтын құйма, алтын өндіру, еаэо
Қазақстанда алтын мен күмісті ел аумағына кіргізу және шығару ережелері бекітілді
Бұл ЕАЭО-ға кірмейтін елдерге қатысты
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның өнекәсіп министрлігі алтын мен күмісті ел аумағына әкелу және экспорттау ережесін бекітті.
Олар ЕАЭО-дан тыс елдерге қатысты. Енді мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылау мыналарды қамтиды:
бағалы металдар партиясын, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларды ілеспе құжаттамада, оның ішінде нормативтікжәне техникалық және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеру;
әлемдік нарықтағы бағаларды ескере отырып, бағалы металдардың құнын бағалау;
бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлардың шығу көзін анықтау;
бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлармен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылау.
Сондай-ақ құрамында бағалы металдар бар шикізаттар тауарларындағы бағалы металдардың және олардан алынатын ілеспе металдардың құрамын және басқа да маңызды мәселелерді бақылау.
Бұл ретте уәкілетті орган алып шығуға немесе қайта өңдеуге қорытындыны құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары экспортының барлық болжамды жылының ұзақтығына береді. Құжаттар электронды түрде Қазақстан Республикасының "электронды үкімет" порталы арқылы беріледі.
Өнеркәсіп министрлігі бұл мәселе туралы порталдардың бірінде жарияланған құжатта толығырақ хабарлады.