https://sputnik.kz/20241203/interpol-qazaqstanga-zansyz-iemdenilgen-aqshany-qaytaruga-komektesedi-49021513.html
Интерпол Қазақстанға заңсыз иемденілген ақшаны қайтаруға көмектеседі
Интерпол Қазақстанға заңсыз иемденілген ақшаны қайтаруға көмектеседі
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол ұрланған мүлікті бірлесіп іздеуге келісті 03.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-03T20:05+0500
2024-12-03T20:05+0500
2024-12-03T20:05+0500
меморандум
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/03/49019714_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_e35e055d925e05e552fe84f78588134b.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Бас покуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Бұл құжат қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, қолда бар ақпаратты алмасуға, заңсыз иемденілген активтерді іздеу және мемлекетке қайтару саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету мүмкіндігін талдауға бағытталған.Меморандум екі ведомство арасындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға және өзара әрекеттесуді нығайтуға ықпал етеді.Қазақстан Республикасының атынан Активтерді қайтару жөніндегі комитет Интерполдың "Күміс бюллетень" және "Күміс хабарлама" активтерді іздеу және қайтарудың жаңа құралын енгізу бойынша жұмыс тобының мүшесі атанып, оның қызметіне белсенді қатысуда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/03/49019714_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_77be111da463a69b8684bd88a855397c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
меморандум, бас прокуратура
меморандум, бас прокуратура
Интерпол Қазақстанға заңсыз иемденілген ақшаны қайтаруға көмектеседі
Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол ұрланған мүлікті бірлесіп іздеуге келісті
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Бас покуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл құжат қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, қолда бар ақпаратты алмасуға, заңсыз иемденілген активтерді іздеу және мемлекетке қайтару саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету мүмкіндігін талдауға бағытталған.
"Тараптар жақын арада активтерді ашу, пайда болуын растау және қайтару тәжірибесімен және практикасымен алмасу бойынша алғашқы бірлескен іс-шараны өткізу туралы келісімге қол жеткізді", - деп хабарлады Бас покуратураның баспасөз қызметі.
Меморандум екі ведомство арасындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға және өзара әрекеттесуді нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының атынан Активтерді қайтару жөніндегі комитет Интерполдың "Күміс бюллетень" және "Күміс хабарлама" активтерді іздеу және қайтарудың жаңа құралын енгізу бойынша жұмыс тобының мүшесі атанып, оның қызметіне белсенді қатысуда.