https://sputnik.kz/20241203/astanada-deputattyqqa-kandidat-ayelinin-kesirinen-saylaudan-shettetildi-49017733.html
Астанада депутаттыққа кандидат әйелінің кесірінен сайлаудан шеттетілді
Астанада депутаттыққа кандидат әйелінің кесірінен сайлаудан шеттетілді
Sputnik Қазақстан
Бірақ ол шешіммен келіспей, әкімшілік сотқа арыз түсірді 03.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-03T16:53+0500
2024-12-03T16:53+0500
2024-12-03T16:53+0500
депутат
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_0:0:3243:1825_1920x0_80_0_0_b50e7a6832e1d3dcec2e1106ec5a02e8.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Астанада қалалық мәслихат депутаттығына кандидат әйелінің декларацияны дұрыс тапсырмауына байланысы сайлаудан шеттетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.К. деген азамат 8 желтоқсанда өтетін Астана қаласы мәслихат сайлауына кандидат ретінде тіркелген. Сайлау комиссиясы мемлекеттік кірістер департаментінен декларацияның бар-жоғын сұратқан. Заң бойынша депутаттыққа кандидат қана емес, оның жұбайы да табыс декларациясын жыл сайын тапсырып тұруы қажет.Салықшықтардың жауабына сәйкес, кандидаттың зайыбы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда бағалы қағаздардың бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетпеген. Осыған байланысты К. мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден шығарылды.Бірақ ол шешіммен келіспей, әкімшілік сотқа арыз түсірді. Жұбайы декларацияны кері қайтарып, жаңасын жіберген. Осылайша қателік түзетілгенін мәлімдеді.Декларацияда бағалы қағаздар туралы мәліметтерді көрсетпеу зайыбының активтері мен міндеттемелері туралы жалған ақпарат бергенін растайды. Осыған байланысты сот талап қоюшыны Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамалық шешімнің күшін жою туралы ОСК-ның қорытындысын заңды деп тапты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_455:0:2932:1858_1920x0_80_0_0_985300797000e90b473f6598114de25c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат
Астанада депутаттыққа кандидат әйелінің кесірінен сайлаудан шеттетілді
Бірақ ол шешіммен келіспей, әкімшілік сотқа арыз түсірді
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Астанада қалалық мәслихат депутаттығына кандидат әйелінің декларацияны дұрыс тапсырмауына байланысы сайлаудан шеттетілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. К. деген азамат 8 желтоқсанда өтетін Астана қаласы мәслихат сайлауына кандидат ретінде тіркелген. Сайлау комиссиясы мемлекеттік кірістер департаментінен декларацияның бар-жоғын сұратқан. Заң бойынша депутаттыққа кандидат қана емес, оның жұбайы да табыс декларациясын жыл сайын тапсырып тұруы қажет.
Салықшықтардың жауабына сәйкес, кандидаттың зайыбы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда бағалы қағаздардың бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетпеген. Осыған байланысты К. мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден шығарылды.
Бірақ ол шешіммен келіспей, әкімшілік сотқа арыз түсірді. Жұбайы декларацияны кері қайтарып, жаңасын жіберген. Осылайша қателік түзетілгенін мәлімдеді.
"Конституциялық заңның 104-бабы 6-1-тармағы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жойылады", - дейді сот мамандары.
Декларацияда бағалы қағаздар туралы мәліметтерді көрсетпеу зайыбының активтері мен міндеттемелері туралы жалған ақпарат бергенін растайды. Осыған байланысты сот талап қоюшыны Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы хаттамалық шешімнің күшін жою туралы ОСК-ның қорытындысын заңды деп тапты.