https://sputnik.kz/20241203/akhmetzhanov-aqmola-oblysynyn-diqandary-rekordtyq-kolemde-astyq-zhinady-49015887.html
Ахметжанов: Ақмола облысының диқандары рекордтық көлемде астық жинады
Ахметжанов: Ақмола облысының диқандары рекордтық көлемде астық жинады
Sputnik Қазақстан
2027 жылға дейін агроөнеркәсіп саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тартып, 80 жобаны іске асыру жоспарда бар 03.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-03T18:47+0500
2024-12-03T18:47+0500
2024-12-03T18:47+0500
астық
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043377_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_af7299cc594e80972bc837214c208d8e.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының диқандары рекордтық көлемде 6,6 млн тонна астық жинады. Бұл туралы өңір басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде хабарлады.Оның айтуынша, бір гектардан түсетін өнім көлемі 14 центнерден асты.Ақмола өңірі елорда тұрғындарының қажеттілігін, атап айтқанда, сүт өнімінің 50%-дан астамын, ет өнімінің 30%-н, жұмыртқаның 80%-н, картоптың 85%-н қамтып отыр. Яғни, астана тұрғындарына күн сайын 80 тонна ет өнімдері, 320 тонна сүт ассортименті, 700 мың жұмыртқа және 25 тонна ұн жеткізіледі.Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 млрд теңгеден астам сомаға азық-түлік өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5 %-дан асып отыр.2027 жылға дейін агроөнеркәсіп саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тартып, 80 жобаны іске асыру жоспарда бар. Биыл 30 млрд теңгеден астам сомаға 27 жоба іске қосылмақ.Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Мұның 77%-дан астамын өңдеу саласы құрап отыр. Облыс республика көлемінде теміржол подшипниктерінің 100%, мамандандырылған көліктің 81%, астық жинау комбайнның 67%, құрамында алтын бар руданың 59%, трактордың 39%, өңделмеген алтынның 30%, керамикалық кірпіштің 28% өндіреді.Өңір жартылай өңделген алтын өндірісі бойынша бірінші орында тұр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043377_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_aaa6ea1b841524fc2c0c17abdcb8cf68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Ахметжанов: Ақмола облысының диқандары рекордтық көлемде астық жинады
2027 жылға дейін агроөнеркәсіп саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тартып, 80 жобаны іске асыру жоспарда бар
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының диқандары рекордтық көлемде 6,6 млн тонна астық жинады. Бұл туралы өңір басшысы Марат Ахметжанов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Оның айтуынша, бір гектардан түсетін өнім көлемі 14 центнерден асты.
"Астықтың сапасы да жақсы. Бидайдың 60%-дан астамының тауарлық сапасы жоғары. Жоғары сапалы тұқым себу және минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі екі есе артты. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да маңызды. Биыл 1 239 жаңа техника сатып алынды", – деді облыс әкімі.
Ақмола өңірі елорда тұрғындарының қажеттілігін, атап айтқанда, сүт өнімінің 50%-дан астамын, ет өнімінің 30%-н, жұмыртқаның 80%-н, картоптың 85%-н қамтып отыр. Яғни, астана тұрғындарына күн сайын 80 тонна ет өнімдері, 320 тонна сүт ассортименті, 700 мың жұмыртқа және 25 тонна ұн жеткізіледі.
"Құс еті өндірісі бойынша республика көлеміндегі үлесіміз 30%, ал тауық жұмыртқасы бойынша – 16%. Биыл 5 сүт фермасын іске қосып жатырмыз. Енді тауарлы сүт өндірісі жылына 30 мың тоннаға немесе 1,4 есе артады. Келесі жылы тағы екі ферма іске қосылады", - деп толықтырды Марат Ахметжанов.
Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 млрд теңгеден астам сомаға азық-түлік өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5 %-дан асып отыр.
2027 жылға дейін агроөнеркәсіп саласына 132 млрд теңгеден астам инвестиция тартып, 80 жобаны іске асыру жоспарда бар. Биыл 30 млрд теңгеден астам сомаға 27 жоба іске қосылмақ.
Өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Мұның 77%-дан астамын өңдеу саласы құрап отыр. Облыс республика көлемінде теміржол подшипниктерінің 100%, мамандандырылған көліктің 81%, астық жинау комбайнның 67%, құрамында алтын бар руданың 59%, трактордың 39%, өңделмеген алтынның 30%, керамикалық кірпіштің 28% өндіреді.
Өңір жартылай өңделген алтын өндірісі бойынша бірінші орында тұр.