https://sputnik.kz/20241202/qatar-airways-qazaqstanga-zhuk-zhetkizudi-artyrady-48978864.html
Qatar Airways Қазақстанға жүк жеткізуді артырады
Qatar Airways Қазақстанға жүк жеткізуді артырады
Sputnik Қазақстан
Екі ел арасындағы тауар айналымы 6,2 млн долларды құрады 02.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-02T11:49+0500
2024-12-02T11:49+0500
2024-12-02T11:49+0500
жүк
экспорт
https://sputnik.kz/img/244/29/2442935_0:278:4167:2622_1920x0_80_0_0_7d91d34d092d637474d30ddc4030b769.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Qatar Airways Қазақстанға жүк жеткізуді артыруды көздеп отыр.Бұл туралы Қазақстанның сауда министрлігі хабарлады."QazTrade" АҚ сауда және интеграция министрлігімен, сондай-ақ Қазақстанның Катардағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық экспорттаушылардың іскерлік миссиясында экспорт және өзара сауда мәселелері талқыланды."QazTrade" бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың "Qatar Airways" өкілдерімен кездесуі миссия аясындағы маңызды оқиғалардың бірі болды.Келіссөздер барысында әуе жүктерін дамыту келешегі және қазақстандық тауарларды Катар мен Таяу Шығыстың басқа елдерінің нарығына жеткізу үшін тиімді логистикалық арналарды құру мәселелері талқыланды.B2B кездесулеріне екі елден ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп, өнеркәсіп және IT-технологиялар сияқты экономиканың негізгі секторларын таныстыраиын 30 компания қатысты.Әлеуетті серіктестермен жеке келіссөздер жүргізіп, тауарлар мен қызметтерді өзара алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Катарлық дистрибьюторлармен және импорттаушылармен іскерлік байланыс орната алды.Екі ел арасындағы тауар айналымы 6,2 млн долларды құрады. Бұған дейін Катар Қазақстанға 20 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті екені хабарланған болатын. Келісімді Сенат мақұлдады.
https://sputnik.kz/20241125/katar-kompaniyasy-atyrau-oblysyndagy-gaz-ondeu-zauytynyn-75-ulesine-ie-boldy-48793574.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/244/29/2442935_151:0:4016:2899_1920x0_80_0_0_11e523eeda36a9158b5b67820a200900.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк, экспорт
Qatar Airways Қазақстанға жүк жеткізуді артырады
Екі ел арасындағы тауар айналымы 6,2 млн долларды құрады
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Qatar Airways Қазақстанға жүк жеткізуді артыруды көздеп отыр.
Бұл туралы Қазақстанның сауда министрлігі хабарлады.
"QazTrade" АҚ сауда және интеграция министрлігімен, сондай-ақ Қазақстанның Катардағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық экспорттаушылардың іскерлік миссиясында экспорт және өзара сауда мәселелері талқыланды.
"QazTrade" бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың "Qatar Airways" өкілдерімен кездесуі миссия аясындағы маңызды оқиғалардың бірі болды.
Келіссөздер барысында әуе жүктерін дамыту келешегі және қазақстандық тауарларды Катар мен Таяу Шығыстың басқа елдерінің нарығына жеткізу үшін тиімді логистикалық арналарды құру мәселелері талқыланды.
"Нұрлан Құлбатыров экспорттық тауарлардың номенклатурасын айтарлықтай кеңейтуге және жеткізу географиясын ұлғайтуға мүмкіндік беретін тарифтерді оңтайландыру мен тасымалдау сапасын арттырудың маңыздылығын айтты", - деп хабарлады ведомстводағылар.
B2B кездесулеріне екі елден ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп, өнеркәсіп және IT-технологиялар сияқты экономиканың негізгі секторларын таныстыраиын 30 компания қатысты.
Әлеуетті серіктестермен жеке келіссөздер жүргізіп, тауарлар мен қызметтерді өзара алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Катарлық дистрибьюторлармен және импорттаушылармен іскерлік байланыс орната алды.
Екі ел арасындағы тауар айналымы 6,2 млн долларды құрады. Бұған дейін Катар Қазақстанға 20 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті екені хабарланған болатын. Келісімді Сенат мақұлдады.