Павлодар облысында баласына дұрыс қарамаған 400 ата-ана жауапқа тартылды

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок у окна, архивное фото
Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 желтоқсан - Sputnik. Павлодар облысында жыл басынан бері ата-ана міндеттерін орындамаған 407 адам жауапқа тартылды. 334 берекесіз отбасы анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Биыл 407 заңды өкіл тәрбие мен білім беру, құқықтар мен мүдделерді қорғау, сондай-ақ кәмелетке толмағанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаған. Ал 334 берекесіз отбасы профилактикалық есепке қойылды.
Мысалы, Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Мәскеу көшесіндегі үйден қоңырау түсті. Бей-жай қарамайтын азаматтар олардың үйінде кәмелетке толмаған төрт бала ата-анасының қарауынсыз қалғанын хабарлады, дейді полиция. Бұл мекен-жай ювеналды полиция қызметкерлеріне бұрыннан таныс болған.
"Полиция қызметкерлері пәтерде орта дәрежелі мас күйінде болған анасы және балаларды анықтаған. Заңды өкілге қатысты әкімшілік материал сотқа жіберілді. Балалардың қауіпсіздігі үшін барлық балалар емделіп жатқан ауруханаға жатқызылды. Сауығып кеткеннен кейін, қаулы бойынша үлкен бала балаларды қолдау өңірлік орталығына, ал үш бала балалар үйіне орналастырылады", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция аймақ тұрғындарына, егер қиын өмірлік жағдайға тап болған, балаларды дұрыс тәрбиелемейтін немесе қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасыларды білген жағдайда102 телефоны бойынша дереу хабарлауды немесе "Рolice 102" мобильді қосымшасын инстаграм @dp_pavlodar, @polisia_pavlodar директін пайдалануды сұрады.
Динара Закиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды
Жаңалықтар
0