Алматы Дохадағы көрмеде үздік туристік бағыт деп танылды

© Sputnik / Сергей КимШымбулак
Шымбулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Жазылу
Үш күн ішінде іс-шараға 12 мыңнан астам адам қатысты
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Дохада өткен Qatar Travel Mart 2024 халықаралық көрмесінде Алматы үздік туристік бағыт деп танылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көрмеде қаланың табиғи және мәдени көрнекті орындары таныстырылды.
"Қонақтар қазақ мәдениетінің атмосферасына шомылып, ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі киімдерді киіп көрді", - деп жазылған хабарламада.
Қаланың атынан Visit Almaty орталығы, 6 туроператор және "Шымбұлақ" курорты қатысты. Шетелдік серіктестермен өткен іскерлік кездесулер нәтижесінде Алматыға 13 000-нан астам турист тартуға арналған 44 келісімшартқа қол қойылды.
Алматылық туроператорлар мұндай көрмелерге қатысу Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға және халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Туристы проходят около Утиных озер в Долине Гейзеров в Кроноцком государственном природном биосферномй заповеднике на Камчатке - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024
Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде өз орнын жақсартты
Жаңалықтар
0