"1 доллар – 470 теңге": үш жылдық бюджетте доллар бағамы өзгерген жоқ

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров үш жылдық бюджетте белгіленген доллар бағамы өзгермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін үкімет республикалық бюджетке доллардың орташа бағамын 470 теңге деп енгізген болатын. Бюджет жобасы мәжіліс пен сенат талқылауынан өтті.
"Біз жылдың орташа бағамын 470 теңге деп енгіздік. Оны әзірше қайта қарауды жоспарлап отырған жоқпыз", - деді Байбазаров үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, доллар бағамы бір жылдың ішінде құбылуы мүмкін. Бірақ орташа жылдық бағамы жоспарланған межеде болады.
"Мысалы, биыл да доллар құбылып тұрды. Біз орташа жылдық бағамы 460 теңге болады дедік. Мен жақында ғана есеп бердім. Өткен аптаның басында доллардың орташа жылдық бағамы 461 теңге болды",-деп атап өтті министр.
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Доллар тағы көтерілді – министр себебін айтты
Жаңалықтар
0