Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Британиялық сарапшы Украинадағы қақтығысты тоқтатудың үш қадамын атады

© AP Photo / Alexei AlexandrovВооруженный украинский военнослужащий, архивное фото
Вооруженный украинский военнослужащий, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Британиялық саясаттанушы Анатоль Ливен Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге негіз болатын үш қадамды ұсынды. Ол өз ұстанымын UnHerd порталындағы мақаласында баяндады.
"Украинаға кепілдік беру бейбіт келіссөздер барысында шешілуге тиіс ең қиын мәселе болуы ықтимал <…> Дегенмен АҚШ-тың бейбіт ұсыныстарына негіз бола алатын үш нәрсені табанды түрде ұсынамын", — деп жазды Ливен.
Оның пікірінше, ең алдымен, Ресей аумағында алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды қолдануға тыйым салу керек, бірақ Украинаға қорғаныс шебін нығайтуға барынша көмек көрсетіп, қосымша қару-жарақ беру маңызды.
Екіншіден, саясаттанушы Ресейге қарсы Батыстың кейбір санкцияларын алып тастау керек деп есептейді. Бірақ егер қақтығыс қайта басталса, оның қайтадан күшіне енетіні туралы шарт қою керек. Саясаттанушы Германияға ауыр тиген ресейлік газды импорттауға тыйым салуды және Ресейді SWIFT банк жүйесінен ажыратуды осындай шектеулер қатарына жатқызды.
Ливен үшінші қадам ретінде БРИКС пен БҰҰ, сондай-ақ қақтығысты реттеуге мүдделі елдермен бітімгершілік келісімін ресми ратификациялауды ұсынды.
Жаңалықтар
0