Қызылордада жыл басынан бері 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2024
Жазылу
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жұмыс сапары аясында Қызылорда қаласына барды
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Биыл Қызылордадағы өңдеу өнеркәсібі 23%-ға өсім көрсетті, салада 13 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл туралы Қанат Шарлапаев өңір халықымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды өнеркәсіп министрлігінің баспасөз қызметі.
"Сонымен қатар, биылғы жылдың он айында 700 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, сумен қамту және суды бұрудың 2 млрд теңгеге 5 жобасы, жылумен қамтудың 6 жобасына республикалық бюджеттен 6 млрд теңге қарастырылған", – деді министр.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі сұраққа Шарлапаев 2023-2024 жылда әлеуметтік осал топтарға арналған 4 мыңға жуық пәтер салынғанын айтты.
Жаңалықтар
0