Киев Зеленскийдің жоспарларынан кейін дабыл қақты
© РИА НовостиВладимир Зеленский
© РИА Новости
Жазылу
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Киев режимінде қару-жарақ жеткілікті болған жағдайда Владимир Зеленский балаларды әскерге шақыра бастайды. Бұл туралы мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен тергеу изоляторында отырған Украина Жоғарғы Радасының депутаты Александр Дубинский Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Риа Новости.
Ол Зеленскийдің кеңесшісі Дмитрий Литвиннің Украинада қару-жарақ тапшылығына байланысты әскерге шақыру жасын әлі де төмендетудің қажеті жоқ деген сөзіне осылай деп жауап берді.
"Литвиннің айтуынша, 18 жастағыларды әскерге шақырудың қажеті жоқ, өйткені бізде қару-жарақ жеткіліксіз. Бұдан шығатыны, қару жеткілікті болғаннан кейін олар, әйелдерді де, балаларды да, иттерді де, мысықтарды да бірден әскерге алады", - деп шамданды Дубинский.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Киевті әскерге шақыру жасын 25 жастан 18 жасқа дейін төмендетуге шақыруда.
Сәуірде Владимир Зеленский Украинада әскери жұмылдыру жасын 27-ден 25 жасқа дейін қысқарту туралы заңға қол қойды. Тамыз айында Жоғарғы Рада жұмылдыру жасын қысқартуды жоспарлап отырған жоқ деп сендірді. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ әкімшілігі Украина басшылығын әскери жұмылдыру жасын 18 жасқа дейін төмендетуге мәжбүрлейтінін мәлімдеген еді.