https://sputnik.kz/20241130/astanada-tagy-bir-eldi-meken-gazga-qosyldy-48957281.html
Астанада тағы бір елді мекен газға қосылды
Астанада тағы бір елді мекен газға қосылды
Sputnik Қазақстан
1000-ға жуық абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды 30.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-30T20:38+0500
2024-11-30T20:38+0500
2024-11-30T20:38+0500
газ
астана
https://sputnik.kz/img/1439/54/14395481_0:449:2843:2048_1920x0_80_0_0_2fd801a373ca2fe9591fcc9ab3a2b4f9.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Астана қаласының "Үркер" тұрғын алабында газ тарату желілерінің құрылысы және газды іске қосу ішінара аяқталды, деп хабарлайды энергетика министрлігі.Астана қаласының "Үркер" тұрғын алабында 2024 жылға жоспарланған газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Жоба Астана қаласын газдандыру бағдарламасын орындау аясында жүзеге асырылды. Бұл бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге және газбен жабдықтауды тиімді енгізуге мүмкіндік берді.1000-ға жуық абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. "Үркер" тұрғын алабындағы газды қосу жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, оларды экологиялық таза және тиімді жылумен қамтамасыз етеді.Тұрғын алаптағы қалған үйлерді газбен қамтамасыз ету 2025 жылы аяқталады деп күтілуде.Айта кетейік, осыған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады: Сарыарқа (Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық және Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде) тұтынушыларды қосуға мүмкіндік берген екі газдандыру желісінің құрылысын аяқтаған болатын. Алматы ауданы (Теміржолшылар вокзалы, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, сондай-ақ "Ақбидай", "Қазақауыл" шағын аудандары) Есіл (Велла вилдж тұрғын үй кешені, Куршавель тұрғын үй кешені, Family Town, Family Park) және Нұра (Будапешт, Космик-Сити) тұрғын үй кешені."Тұран", "Телман", "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу стансаларына және "Үркер", "Пригородный", "Family village", "Өндіріс", "Кирпичный" елді мекендерін газбен қамту желілерінің құрылысы жүргізіліп, аяқталды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1439/54/14395481_112:0:2843:2048_1920x0_80_0_0_b89eeb2380b9849a477e2ba30f98f789.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, астана
Астанада тағы бір елді мекен газға қосылды
1000-ға жуық абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Астана қаласының "Үркер" тұрғын алабында газ тарату желілерінің құрылысы және газды іске қосу ішінара аяқталды, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Астана қаласының "Үркер" тұрғын алабында 2024 жылға жоспарланған газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Жоба Астана қаласын газдандыру бағдарламасын орындау аясында жүзеге асырылды. Бұл бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге және газбен жабдықтауды тиімді енгізуге мүмкіндік берді.
1000-ға жуық абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. "Үркер" тұрғын алабындағы газды қосу жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, оларды экологиялық таза және тиімді жылумен қамтамасыз етеді.
Тұрғын алаптағы қалған үйлерді газбен қамтамасыз ету 2025 жылы аяқталады деп күтілуде.
Айта кетейік, осыған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады: Сарыарқа (Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық және Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде) тұтынушыларды қосуға мүмкіндік берген екі газдандыру желісінің құрылысын аяқтаған болатын. Алматы ауданы (Теміржолшылар вокзалы, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс оң және сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, сондай-ақ "Ақбидай", "Қазақауыл" шағын аудандары) Есіл (Велла вилдж тұрғын үй кешені, Куршавель тұрғын үй кешені, Family Town, Family Park) және Нұра (Будапешт, Космик-Сити) тұрғын үй кешені.
"Тұран", "Телман", "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу стансаларына және "Үркер", "Пригородный", "Family village", "Өндіріс", "Кирпичный" елді мекендерін газбен қамту желілерінің құрылысы жүргізіліп, аяқталды.