https://sputnik.kz/20241130/almaty-byudzheti-829-mlrd-tengege-qysqartylady-48950265.html
Алматы бюджеті 82,9 млрд теңгеге қысқартылады
Алматы бюджеті 82,9 млрд теңгеге қысқартылады
Sputnik Қазақстан
Оның ішінде 18,1 миллиард теңге мемлекеттік сатып алу нәтижесінде, ал 57,9 миллиард теңге келесі жылға ауыстыруға байланысты үнемделеді 30.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-30T16:28+0500
2024-11-30T16:28+0500
2024-11-30T16:28+0500
алматы
бюджет
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42148563_0:46:1280:766_1920x0_80_0_0_72b52abe1e305051e7062e0d2741ed3e.jpg
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Алматы мәслихаты қалалық бюджетке өзгерістер енгізуді қолдады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Алматы қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков бюджет бағдарламаларының әкімшілері арасында қаражатты қайта бөлуге байланысты бюджетке өзгерістер енгізілетінін хабарлады.Оның айтуынша, кіріс және шығыс бөліктері 82,9 миллиард теңгеге қысқартылады. Оның ішінде 18,1 миллиард теңге мемлекеттік сатып алу нәтижесінде, ал 57,9 миллиард теңге келесі жылға ауыстыруға байланысты үнемделеді.Сондай-ақ, жаңа бастамалардың қарқынының озық болуына байланысты қосымша 21,3 миллиард теңге бөлінетіні жарияланды.Бұл қаражат әлеуметтік маңызды жобалар мен іс-шараларды қосымша қаржыландыруға бағытталады.
https://sputnik.kz/20241130/almaty-zhastary-bagdarlamasyn-qarzhylandyru-zhalgasady--akimdik-48942771.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42148563_100:0:1181:811_1920x0_80_0_0_0c2719cdca3552cb87454cc01cb3f66d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, бюджет
Алматы бюджеті 82,9 млрд теңгеге қысқартылады
Оның ішінде 18,1 миллиард теңге мемлекеттік сатып алу нәтижесінде, ал 57,9 миллиард теңге келесі жылға ауыстыруға байланысты үнемделеді
АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Алматы мәслихаты қалалық бюджетке өзгерістер енгізуді қолдады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Алматы қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков бюджет бағдарламаларының әкімшілері арасында қаражатты қайта бөлуге байланысты бюджетке өзгерістер енгізілетінін хабарлады.
Оның айтуынша, кіріс және шығыс бөліктері 82,9 миллиард теңгеге қысқартылады. Оның ішінде 18,1 миллиард теңге мемлекеттік сатып алу нәтижесінде, ал 57,9 миллиард теңге келесі жылға ауыстыруға байланысты үнемделеді.
"Қаражатты 2025 жылға ауыстырудың негізгі себептері – мердігерлердің келісімшарттық міндеттемелерді тиісті деңгейде орындамауы, конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі", – деді Қанат Сухамбеков.
Сондай-ақ, жаңа бастамалардың қарқынының озық болуына байланысты қосымша 21,3 миллиард теңге бөлінетіні жарияланды.
Бұл қаражат әлеуметтік маңызды жобалар мен іс-шараларды қосымша қаржыландыруға бағытталады.