https://sputnik.kz/20241129/qaztransoyl-atmosferany-lastaytyn-qaldyqtardy-azaytuga-kush-salyp-zhatyr-48908961.html
"ҚазТрансОйл" атмосфераны ластайтын қалдықтарды азайтуға күш салып жатыр
"ҚазТрансОйл" атмосфераны ластайтын қалдықтарды азайтуға күш салып жатыр
Sputnik Қазақстан
Компания объектілерінде атмосфераны ластайтын қалдық заттардың көлемі тоғыз айда 12%-ға қысқарды 29.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-29T08:23+0500
2024-11-29T08:23+0500
2024-11-29T08:37+0500
ауаның ластануы
https://sputnik.kz/img/1003/79/10037998_0:0:1024:577_1920x0_80_0_0_5b8221b1da75f5c0ed4ba48a8c51e85a.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ атмосфераны ластайтын қалдықтарды азайту үшін резервуар паркін жаңғыртып жатыр.Компания экологиялық бастамалар аясында Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында көлемі 20 мың текше метр мұнай сақтауға арналған резервуарға понтон орнатуды аяқтады. Понтон – резервуардың ішіне оның бекітілген шатырының астына орналастырылған қалқымалы құрылғы. Ол мұнайдың бетін газ кеңістігінен оқшаулайды, булануды болдырмайды.Понтондардан басқа, "ҚазТрансОйл" АҚ буды қалпына келтіру үшін газ теңестіру жүйелері мен қондырғыларын қолданады, сондай-ақ қазандық қондырғыларын табиғи газға ауыстырады."ҚазТрансОйл" АҚ объектілерінде атмосфераны ластайтын қалдық заттардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға қысқарды.Компания сонымен қатар өзінің барлық нысанында тұрақты өндірістік экологиялық бақылау жүргізеді. Мониторинг нәтижелері тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға жіберіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1003/79/10037998_0:0:904:678_1920x0_80_0_0_7878d92ca62336a36868b912f506cd58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауаның ластануы
"ҚазТрансОйл" атмосфераны ластайтын қалдықтарды азайтуға күш салып жатыр
08:23 29.11.2024 (жаңартылды: 08:37 29.11.2024) Компания объектілерінде атмосфераны ластайтын қалдық заттардың көлемі тоғыз айда 12%-ға қысқарды
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ атмосфераны ластайтын қалдықтарды азайту үшін резервуар паркін жаңғыртып жатыр.
Компания экологиялық бастамалар аясында Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында көлемі 20 мың текше метр мұнай сақтауға арналған резервуарға понтон орнатуды аяқтады.
"Бұл құрылғы мұнайдың булануын едәуір азайтуға мүмкіндік береді, атмосфераны ластайтын қалдық заттарды 80%-ға төмендетеді", - деп жазылған "ҚазТрансОйл" хабарламасында.
Понтон – резервуардың ішіне оның бекітілген шатырының астына орналастырылған қалқымалы құрылғы. Ол мұнайдың бетін газ кеңістігінен оқшаулайды, булануды болдырмайды.
Понтондардан басқа, "ҚазТрансОйл" АҚ буды қалпына келтіру үшін газ теңестіру жүйелері мен қондырғыларын қолданады, сондай-ақ қазандық қондырғыларын табиғи газға ауыстырады.
"ҚазТрансОйл" АҚ объектілерінде атмосфераны ластайтын қалдық заттардың көлемі 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға қысқарды.
Компания сонымен қатар өзінің барлық нысанында тұрақты өндірістік экологиялық бақылау жүргізеді. Мониторинг нәтижелері тоқсан сайын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға жіберіледі.