Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства осмотрел посевные площади ТОО "Дайындык-Агро" и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании
Глава государства осмотрел посевные площади ТОО Дайындык-Агро и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстанда Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды.
Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады, оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылатын болады.
Бүгіннен бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды.
684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 176 өтінім жұмысқа қабылданды. Тағы 508 өтініш бойынша 59,9 млрд теңгеге құжаттар жиналады. Қаржыландыру алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуден бұрын басталғанын атап өту маңызды, бұл фермерлерге тұқымды, тыңайтқышты алдын-ала сатып алуға, техниканы дайындауға және барлық қажетті жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында шаруалар өздеріне барынша қолайлы жағдайлар бойынша жедел қаржылық қолдау алады.
Бұдан басқа, қарыздарды ресімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды. Қаражатқа екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қол жеткізуге болады.
Сондай-ақ кәсіпкерлер жиі көтеретін кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85%-ын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді. Консультация алу және өтінімдер беру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет.
Внесение удобрений в почву перед посевом, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2024
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін өндіріс мың жұмыс орнын ашады
Жаңалықтар
0