Мәскеу университетінің Қазақстандағы филиалы ағартушылық дәстүрді құрметтейді - елші

© Photo : Пресс-служба МГУ в АстанеМ.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында конференция ұйымдастырылды
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында конференция ұйымдастырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2024
Жазылу
Астана қаласындағы ММУ филиалы құрылған күннен бастап 23 жыл ішінде Қазақстан экономикасы үшін 2500 маман дайындады
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында Мәскеу университетінің 270 жылдығына арналған "Іргелі ғылым және 21 ғасырдың басымдықтары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған ТМД елдерінен және шет мемлекеттерден 70 жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу институтының өкілдері қатысты.
Қазіргі ғылымның өзекті мәселелері мен даму келешегі, жаңа ғылыми-тәжірибелік нәтижелерді талқылау, идеялар алмасу, ғылыми зерттеулердің бірлескен бағыттарын іздеу және зерттеу орталықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту конференцияның мақсаты мен міндеттері болып табылады.
"Филиалда Мәскеу университетінің мерейтойына арналған конференцияның өткізілуі Мәскеу университеті мен Қазақстан арасындағы тығыз байланысты білдіреді. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар әртүрлі салаларда дамып, нығайып келеді, олардың арасында білім мен ғылым саласындағы байланыстар ерекше маңызға ие", - деді құттықтау сөзінде ММУ ректоры, академик Виктор Садовничий.
© Photo : Пресс-служба МГУ в АстанеМ.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында конференция ұйымдастырылды
Конференции Казахстанского филиала МГУ имени М.В.Ломоносова 29.11.24 - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2024
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында конференция ұйымдастырылды
"Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы да еліміздің маңызды ғылыми орталығы, Қазақстанның ғылымы мен білімінің дамуына үлкен үлес қосып жатқан көптеген ғылыми конференциялар мен форумдардың ұйымдастырушысы болып табылады. Осындай маңызды ғылыми оқиғалардың бірі – Мәскеу университетінің 270 жылдығына арналған халықаралық конференция, оның секцияларында Қазақстанның 42 университеті мен ғылыми орталығының, Ресейдің 25 университеті мен ғылыми-зерттеу институтының, Қырғызстанның, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа елдердің жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары баяндама жасайды", - деді Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтау жеделхатында.
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин "Университеттің алтын қоры - қазіргі студенттерге бар күшін, білімі мен тәжірибесін арнаған профессор-оқытушылар құрамы" екенін айтты.
"Мәскеу университетінің білім беру процесінде халықаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Оның географиясы 100-ден астам елді қамтиды. Бүгінде Мәскеу мемлекеттік университетінің бес шетелдік филиалы мен Шэньчжэньдегі бірлескен университет табысты жұмыс істеуде. Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы өзіне дейінгі ағартушылық дәстүрлерін құрметтейді және сақтайды деп сеніммен айта аламын", - деді Алексей Бородавкин өз құттықтауында.
Пленарлық отырыстың құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун, Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов болды, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік жетекші ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
© Photo : Пресс-служба МГУ в АстанеМ.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында конференция ұйымдастырылды
Конференции Казахстанского филиала МГУ имени М.В.Ломоносова 29.11.24 - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2024
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында конференция ұйымдастырылды
Конференция бес секцияда өтіп, онда математиканың өзекті мәселелері, жасанды интеллект, қазіргі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, ғылым мен білім, сондай-ақ филология саласындағы әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер талқыланды.
Конференция секцияларында 67 университет пен ғылыми орталықтан 166 жетекші ғалым мен оқытушы баяндама жасады, оның ішінде Қазақстанның 42 университеті мен ғылыми орталығы, Ресейдің 25 университеті мен ғылыми-зерттеу институты, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Нидерланды және Австралия университеттері бар.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 25 қаңтарында Мәскеу университеті өзінің мерейтойын тойлайды - оның құрылғанына 270 жыл, бұл мемлекеттік маңызы бар оқиға ретінде атап өтіледі.
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы 2001 жылдан бері жұмыс істейді және осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасы үшін 2500-ге жуық жоғары білікті маманды дайындады.
Жаңалықтар
0