https://sputnik.kz/20241129/khalyqtyn-qaltasyna-salmaq-salady-aymagambetov-ministrliktin-bastamasyna-qarsy-shyqty-48925491.html
"Халықтың қалтасына салмақ салады": Аймағамбетов министрліктің бастамасына қарсы шықты
"Халықтың қалтасына салмақ салады": Аймағамбетов министрліктің бастамасына қарсы шықты
Sputnik Қазақстан
Депутат ұсынылған норма қабылданса, аударымдардың комиссиясы шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін екенін айтты 29.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-29T14:53+0500
2024-11-29T14:53+0500
2024-11-29T14:53+0500
салық
халық
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26757775_0:54:3067:1779_1920x0_80_0_0_6cf248572b9156471d7923bc71212b98.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексі жобасына енгізуге ұсынылған норма қарапайым халықтың мойнына қосымша салық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Депутат қазір картадан басқа картаға ақша аудару үшін 150 теңге комиссия ұсталатынын, ал егер аталған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін екенін айтты.Экономика министрлігі бұл шығындарды банктер өздері жабады деп мәлімдеп отыр. Бірақ, депутаттың пікірінше, бұл шындыққа жанаспайды."Банктер ешқашан шығынды өз есебінен жаппайды. Олар міндетті түрде бұл шығынды клиенттің мойнына артады. Өйткені банктер – қайырымдылық ұйымы емес", - дейді Аймағамбетов.Оның айтуынша бұл нормаға Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, сарапшылар, тіпті "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қарсы шыққан. Соған қарамастан, Экономика министрлігі бұл норманы Салық кодексі жобасына қосып отыр.Ол бюджет тапшылығы мәселесін бюджеттің басым емес шығындарын қысқарту, артық жеңілдіктерді жою, сондай-ақ артық табыс тауып отырған салаларға, оның ішінде банктерге салынатын корпоративтік табыс салығын арттыру арқылы шешуге болатынын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26757775_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_2b13619e18a210561f12b3952a7a79b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, халық, асхат аймағамбетов
салық, халық, асхат аймағамбетов
"Халықтың қалтасына салмақ салады": Аймағамбетов министрліктің бастамасына қарсы шықты
Депутат ұсынылған норма қабылданса, аударымдардың комиссиясы шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін екенін айтты
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексі жобасына енгізуге ұсынылған норма қарапайым халықтың мойнына қосымша салық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Депутат қазір картадан басқа картаға ақша аудару үшін 150 теңге комиссия ұсталатынын, ал егер аталған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін екенін айтты.
"Бұл – Экономика министрлігінің төлем операцияларын ҚҚС-қа (НДС) салуға қатысты жоспары. Пластикалық карточкаларды пайдалану, карточадан карточкаға аударымдар, шоттан шотқа аударымдар, төлемдер мен банктік қызметтер айтарлықтай қымбаттауы мүмкін", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Экономика министрлігі бұл шығындарды банктер өздері жабады деп мәлімдеп отыр. Бірақ, депутаттың пікірінше, бұл шындыққа жанаспайды.
"Банктер ешқашан шығынды өз есебінен жаппайды. Олар міндетті түрде бұл шығынды клиенттің мойнына артады. Өйткені банктер – қайырымдылық ұйымы емес", - дейді Аймағамбетов.
Оның айтуынша бұл нормаға Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, сарапшылар, тіпті "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қарсы шыққан. Соған қарамастан, Экономика министрлігі бұл норманы Салық кодексі жобасына қосып отыр.
"Мұндай өзгерістер біздің шығындарымызды көбейтіп қана қоймайды, сонымен қатар қаржы жүйесіне деген сенімді әлсіретеді. Бұл бастама әрбір азаматқа әсер етеді. Біз бұл норманы өзгерту үшін өз түзету енгіздік. Халықтың мойнына осындай салық жүктеуді әділ деп санауға бола ма?", - деп дабыл қақты мәжілісмен.
Ол бюджет тапшылығы мәселесін бюджеттің басым емес шығындарын қысқарту, артық жеңілдіктерді жою, сондай-ақ артық табыс тауып отырған салаларға, оның ішінде банктерге салынатын корпоративтік табыс салығын арттыру арқылы шешуге болатынын айтты.