ҰҚШҰ елдеріне заманауи ресейлік әскери техника жеткізіледі

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуВоенные учения ОДКБ "Рубеж-2021" в Кыргызстане
Военные учения ОДКБ Рубеж-2021 в Кыргызстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
Жазылу
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысушы елдердің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қарулы күштерін қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілерімен жарақтандыру туралы келісімдерге қол қойды.
Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекет басшылары ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы әскери-саяси жағдайды және оның дамуының ықтимал нұсқаларын егжей-тегжейлі талқылады.
“ҰҚШҰ әскер құрамдарын, ұжымдық күштерін қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи және келешекті үлгілерімен жабдықтауға қатысты құжаттар қаралып, қол қойылды”, - деді Иманғали Тасмағамбетов.
Кездесуде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің президенттері шектеулі құрамда халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстан төрағалық еткен биылғы ҰҚШҰ қызметінің негізгі нәтижелерін талқылады.
Бүгін Астанада ҰҚШҰ саммиті өтті, оған ұйымға мүше елдердің президенттері қатысты. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етті, 2025 жылы төрағалық Қырғызстанға өтеді.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды.
ҰҚШҰ-ның тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Мәлімдеме қабылданып, бұл мерекені 2025 жылы атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қабылданған құжаттар ұжымдық қауіпсіздік жүйесін оның барлық мүшелерінің мүддесі үшін одан әрі дамытуға бағытталған.
сессия Совета коллективной безопасности ОДКБ в узком составе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
"ҰҚШҰ – жай әскери серіктестік емес": Тоқаев ұйым мүмкіндіктерін жетілдіру туралы айтты
Жаңалықтар
0