https://sputnik.kz/20241128/toqaevqa-akesinin-bashqurt-tilindegi-kitaby-syyga-tartyldy-48883440.html
Тоқаевқа әкесінің башқұрт тіліндегі кітабы сыйға тартылды
Тоқаевқа әкесінің башқұрт тіліндегі кітабы сыйға тартылды
Sputnik Қазақстан
Басылым Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған 28.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-28T11:10+0500
2024-11-28T11:10+0500
2024-11-28T11:10+0500
қасым-жомарт тоқаев
башқұртстан
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1a/48804609_14:0:1280:712_1920x0_80_0_0_8261dc7e0505cda39a82d8c49ccb9464.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевтың башқұрт тіліне аударылған кітабы сыйға тартылды."Жұмбақ із" деп аталатын кітап Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жарық көрді, деді Башқұртстан басшысы Радий Хабиров.Кемел Тоқаев – жазушы, журналист және қоғам қайраткері. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысы жылдарында автоматшылар бөлімшесін басқарып, орден, медальдармен марапатталған.Соғыстан кейін университетті бітіріп, газетте жұмыс істеді, 1960-1977 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Ведомости" газетінің бас редакторы болды.Радий Хабиров Ресей-Қазақстан өңіраралық қарым-қатынасын екі ел басшылары – Путин мен Тоқаевтың жеке үлесінсіз дамыту мүмкін болмайтынын айтты. Бұл үшін Уфада өтіп жатқан өңіраралық форумға қатысушылар атынан алғысын білдірді. Іс-шараға Қазақстан мен Ресейдің ресми өкілдері мен бизнес өкілдері қатысуда."Мен Қазақстанда болған сайын Қасым-Жомарт Тоқаев республикамызға құрмет көрсетіп, сөйлесуге уақыт тапты. Оның арқасында башқұрт-қазақ байланысын дамытуға барынша жағдай жасалды", - деді Хабиров.Ал Кемел Тоқаевтың тағдыры Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарын қаншалықты терең тамыр байланыстыратынын көрсетеді. Біз әкелерімізден үлгі алып, өсиетін орындаймыз, деді Башқұртстан басшысы.
башқұртстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1a/48804609_192:0:1141:712_1920x0_80_0_0_5529bb3f9e7e14299342c51e2ef00e7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, башқұртстан
қасым-жомарт тоқаев, башқұртстан
Тоқаевқа әкесінің башқұрт тіліндегі кітабы сыйға тартылды
Басылым Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевтың башқұрт тіліне аударылған кітабы сыйға тартылды.
"Жұмбақ із" деп аталатын кітап Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жарық көрді, деді Башқұртстан басшысы Радий Хабиров.
"Башқұртстан Республикасы Жазушылар одағының төрағасы Айғыз Баймұхаметов маған белгілі қазақ жазушысы, Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың кітабын беріп жіберді. Ол Қасым-Жомарт Кемелұлының алғысөзімен басталады, онда ол әкесінің басты мерекесі Жеңіс күні болғанын айтады. Кемел Тоқаев соғысқа қатысушылар ерекше құрмет пен сенімге лайық деп санады. Оларға жұмыстың түрлі салаларында маңызды міндеттерді жүктеуге болады", - деді Радий Хабиров.
Кемел Тоқаев – жазушы, журналист және қоғам қайраткері. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысы жылдарында автоматшылар бөлімшесін басқарып, орден, медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін университетті бітіріп, газетте жұмыс істеді, 1960-1977 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Ведомости" газетінің бас редакторы болды.
Радий Хабиров Ресей-Қазақстан өңіраралық қарым-қатынасын екі ел басшылары – Путин мен Тоқаевтың жеке үлесінсіз дамыту мүмкін болмайтынын айтты. Бұл үшін Уфада өтіп жатқан өңіраралық форумға қатысушылар атынан алғысын білдірді. Іс-шараға Қазақстан мен Ресейдің ресми өкілдері мен бизнес өкілдері қатысуда.
"Мен Қазақстанда болған сайын Қасым-Жомарт Тоқаев республикамызға құрмет көрсетіп, сөйлесуге уақыт тапты. Оның арқасында башқұрт-қазақ байланысын дамытуға барынша жағдай жасалды", - деді Хабиров.
Ал Кемел Тоқаевтың тағдыры Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарын қаншалықты терең тамыр байланыстыратынын көрсетеді. Біз әкелерімізден үлгі алып, өсиетін орындаймыз, деді Башқұртстан басшысы.