https://sputnik.kz/20241128/memleketter-basshylary-uzhymdyq-qauipsizdik-kenesinin-deklaratsiyasyn-qabyldady-48898395.html
Мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдады
Мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ-ның шағын құрамда өткен отырысында мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір... 28.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-28T16:56+0500
2024-11-28T16:56+0500
2024-11-28T16:56+0500
ұқшұ
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1c/48898231_0:48:1280:768_1920x0_80_0_0_3b41a5ef497a052e20c642c3f4632118.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ-ның шағын құрамда өткен отырысында мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстанның төрағалығы аясында ҰҚШҰ-ның биылғы қызметі қорытындыланғанын жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында Ұйым жарғысына сай ынтымақтастық бағыттары бойынша 60-қа жуық іс-шара ұйымдастырылған. Халықаралық аренада келісілген ұстанымдарды ілгерілету бойынша серіктестермен бірлесе жұмыс жүргізілді.Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды.Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді. Сонымен қатар президенттер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме қабылдап, келесі жылы осы айтулы датаға орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың жоспарын бекітті. Астанада қабылданған құжаттар Ұйым мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін барлық мүше мемлекеттердің мүддесіне сай кешенді түрде дамытуға бағытталған.
https://sputnik.kz/20241128/uqshu--zhay-gana-askeri-seriktestik-emes-toqaev-shagyn-quramdagy-sessiyada-soz-soyledi-48896429.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1c/48898231_97:0:1185:816_1920x0_80_0_0_c1f8453fa5e47218ca59eacc2cbb1d01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, қасым-жомарт тоқаев
ұқшұ, қасым-жомарт тоқаев
Мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдады
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ-ның шағын құрамда өткен отырысында мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстанның төрағалығы аясында ҰҚШҰ-ның биылғы қызметі қорытындыланғанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында Ұйым жарғысына сай ынтымақтастық бағыттары бойынша 60-қа жуық іс-шара ұйымдастырылған. Халықаралық аренада келісілген ұстанымдарды ілгерілету бойынша серіктестермен бірлесе жұмыс жүргізілді.
Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясын қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды.
Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді. Сонымен қатар президенттер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме қабылдап, келесі жылы осы айтулы датаға орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың жоспарын бекітті.
Астанада қабылданған құжаттар Ұйым мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін барлық мүше мемлекеттердің мүддесіне сай кешенді түрде дамытуға бағытталған.