https://sputnik.kz/20241128/astanada-mektepte-oramal-taguga-ruqsat-berudi-talap-etken-turgynnyn-shagymy-qaraldy-48878246.html
Астанада мектепте орамал тағуға рұқсат беруді талап еткен тұрғынның шағымы қаралды
Астанада мектепте орамал тағуға рұқсат беруді талап еткен тұрғынның шағымы қаралды
Sputnik Қазақстан
Талап қоюшы ішкі тәртіп ережесі баланың құқығын шектейді деп санайды 28.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-28T08:50+0500
2024-11-28T08:50+0500
2024-11-28T08:51+0500
хиджаб
мектеп
https://sputnik.kz/img/632/75/6327582_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_13fa652e8a2409087b6c29c2d405874d.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Астана тұрғыны мектепте орамал тағуға тыйым салатын ішкі тәртіп ережесіне қарсылық білдіріп, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Істі қаланың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.Талап қоюшы бұл ереже баланың құқығын шектейді деп санайды. Айтуынша министрдің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығында бас киім киюге тыйым салынбаған.Талап қоюшы шаш пен мойынды жабатын орамалды діни сипаттағы киімге жатқызумен келіспеген.Сот тараптардың дәлелдерін зерттеп, талапты қанағаттандырудан бас тартты."Білім туралы" заң мен мектептің жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған", - деп түсіндірді сот.Әр түрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді. Ата-аналар білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын алуға тиіс.Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/632/75/6327582_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_5a1b5c81a1aa72c669441bdfeefa0b7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хиджаб, мектеп
Астанада мектепте орамал тағуға рұқсат беруді талап еткен тұрғынның шағымы қаралды
08:50 28.11.2024 (жаңартылды: 08:51 28.11.2024) Талап қоюшы ішкі тәртіп ережесі баланың құқығын шектейді деп санайды
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Астана тұрғыны мектепте орамал тағуға тыйым салатын ішкі тәртіп ережесіне қарсылық білдіріп, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Істі қаланың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
Талап қоюшы бұл ереже баланың құқығын шектейді деп санайды. Айтуынша министрдің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығында бас киім киюге тыйым салынбаған.
"Атап айтқанда, кәмелетке толмаған баланың әкесі "мектеп формасын киген кезде діни сипаттағы киім мен нышандарды киюге жол берілмейді" делінген қағиданың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талап қойды", - деп жазылған соттың хабарламасында.
Талап қоюшы шаш пен мойынды жабатын орамалды діни сипаттағы киімге жатқызумен келіспеген.
Сот тараптардың дәлелдерін зерттеп, талапты қанағаттандырудан бас тартты.
"Білім туралы" заң мен мектептің жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған", - деп түсіндірді сот.
Әр түрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді. Ата-аналар білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын алуға тиіс.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.