Армения ҰҚШҰ-дан шығуға ниет білдірген жоқ – РФ басшысы

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуГосударственный визит президента РФ В. Путина в Казахстан
Государственный визит президента РФ В. Путина в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы ҰҚШҰ отырысына Арменияның келмеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады РИА Новости.
"Әрбір ел өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нені және қалай істегісі келетінін таңдауға құқылы. Меніңше, Армения мен ҰҚШҰ арасындағы бүгінгі жағдай Арменияның өзіндегі ішкі саяси процестерге байланысты болуы мүмкін", - деді Путин журналистерге Арменияның Астанадағы ҰҚШҰ отырысына келмеуіне түсініктеме бере отырып.
Сонымен қатар Ресей президенті Ереванның ҰҚШҰ-дағы толыққанды жұмысына қайта оралу мүмкіндігі бар екенін айтты.
"Армения өзінің ҰҚШҰ-дан шығатыны туралы мәлімдеген жоқ, кем дегенде әзірге мәлімдеген жоқ. Ол үзіліс жасайтынын, бірақ бүгінгі кездесуімізде қабылданған барлық құжатты қолдайтынын айтты. Егер солай болса, Арменияның қауымдастықтың шеңбері жұмысқа толыққанды қайта оралу мүмкіндігі бар", - деді Путин журналистерге.
Производство стрелкового оружия на заводе Ceska Zbrojovka в Угерском Броде, Чехия  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей қару-жарақ өндірісін арттырады - Путин
Жаңалықтар
0