https://sputnik.kz/20241127/resey-gazy-qazaqstan-aumagy-arqyly-ozbekstanga-tasymaldana-bastady--toqaev-48872621.html
Ресей газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдана бастады – Тоқаев
Ресей газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдана бастады – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
"Газпром" компаниясымен Қырғызстанға көгілдір отын тасымалдау туралы келісімге қол қойылды 27.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-27T22:40+0500
2024-11-27T22:40+0500
2024-11-27T22:40+0500
газ
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/763/77/7637796_0:188:2971:1859_1920x0_80_0_0_2f6a5c3bc0b3b0a2791015a4c5b65868.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейнебайланыс арқылы Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлады |Ақорда.Қазақстан президенті 20 жыл ішінде аталған форумның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтатын тиімді алаңға айналғанын атап өтті.Президенттің пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің отын-энергетика саласындағы ынтымақтастығы мүлдем жаңа деңгейге көтерілді."Лукойл" компаниясымен бірге "Қаламқас теңіз", "Хазар" ірі кен орындарын игеруге кірістік. Бұл жобаға құйылатын инвестиция көлемі 6 миллиард доллардан асады. Бұдан бөлек, ресейлік әріптестер мұнай-газ химиясы жобаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысуда. 2022 жылы "Сибур" компаниясымен бірге Орталық Азиядағы ең ірі полипропилен өндірісін іске қостық. Зауыт жылына 500 мың тонна өнім өндіреді", – деді Қазақстан президенті.Оның айтуынша биыл қыркүйек айында жылына 1,2 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы басталды. "Татнефть" компаниясымен бірлесіп, қуаты жылына 340 мың тонна бутадиен шығаруға жететін жоба іске асырылып жатыр.Ресей газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға алғаш рет тасымалдана бастады. "Газпром" компаниясымен Қырғызстанға көгілдір отын тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар Ресейден Қазақстанға газ жеткізу мәселесі пысықталып жатыр.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/763/77/7637796_120:0:2851:2048_1920x0_80_0_0_57761e3b33799bc6cfe4e0a774ffc5ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, өзбекстан
Ресей газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдана бастады – Тоқаев
"Газпром" компаниясымен Қырғызстанға көгілдір отын тасымалдау туралы келісімге қол қойылды
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейнебайланыс арқылы Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлады |Ақорда.
Қазақстан президенті 20 жыл ішінде аталған форумның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтатын тиімді алаңға айналғанын атап өтті.
"Шын мәнінде, тауар айналымы арта түсті. Былтыр оның көлемі 27 миллиард долларға жетті. Бұл ретте сыртқы саудамыздың 20 пайызға жуығы Ресейдің үлесіне тиесілі. Ресейден келетін тікелей инвестицияның жалпы көлемі 25 миллиард долларға жуықтады. Жыл сайынғы инвестиция мөлшері былтырғы қорытынды бойынша екі есе, яғни 3 миллиард долларға дейін ұлғайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің отын-энергетика саласындағы ынтымақтастығы мүлдем жаңа деңгейге көтерілді.
"Лукойл" компаниясымен бірге "Қаламқас теңіз", "Хазар" ірі кен орындарын игеруге кірістік. Бұл жобаға құйылатын инвестиция көлемі 6 миллиард доллардан асады. Бұдан бөлек, ресейлік әріптестер мұнай-газ химиясы жобаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысуда. 2022 жылы "Сибур" компаниясымен бірге Орталық Азиядағы ең ірі полипропилен өндірісін іске қостық. Зауыт жылына 500 мың тонна өнім өндіреді", – деді Қазақстан президенті.
Оның айтуынша биыл қыркүйек айында жылына 1,2 миллион тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы басталды. "Татнефть" компаниясымен бірлесіп, қуаты жылына 340 мың тонна бутадиен шығаруға жететін жоба іске асырылып жатыр.
Ресей газы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға алғаш рет тасымалдана бастады. "Газпром" компаниясымен Қырғызстанға көгілдір отын тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар Ресейден Қазақстанға газ жеткізу мәселесі пысықталып жатыр.