https://sputnik.kz/20241127/qytaylyq-turister-sany-50-ga-artty-48853637.html
Қытайлық туристер саны 50%-ға артты
Қытайлық туристер саны 50%-ға артты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Алматыда Қазақстанның Қытайдағы туризмі жылының ресми жабылу салтанаты өтті. 27.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-27T17:13+0500
2024-11-27T17:13+0500
2024-11-27T17:13+0500
туризм
https://sputnik.kz/img/345/98/3459826_0:52:1200:727_1920x0_80_0_0_33bece8049235fd596bd2442d07bca16.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Алматыда Қазақстанның Қытайдағы туризмі жылының ресми жабылу салтанаты өтті.Қазақстанның Қытайдағы туризмі жылы аясында ҚХР қалаларында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды.Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, отандастарымыздың Қытайға сапары – 31%, ал Қытайдан Қазақстанға келген меймандар қатары 50% өсті.2024 жылдың 10 айында елімізге Қытайдан 550 мың адам келген. Былтыр бұл көрсеткіш 367 мың адамды құраған еді.Биыл Бейжің, Сиань, Шанхай, Гонконг, Үрімші қалаларында Қазақстанның қалалары мен облыстарының туризм күндері өтіп, біздің ел 4 туристік көрмеде (COTTM, ITB China, ITE Hong Kong, Қытай медициналық туризм жәрмеңкесі) ұсынылды. Шаньдун және Хэбэй провинцияларында екі үлкен концерт өтті. Тяньцзинь қаласында "Алтын адам" және "Ұлы дала" көрмелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің коллекцияларынан экспонаттар ұсынылды.Сондай-ақ биыл мәдени-ақпараттық іс-шаралармен қатар ауқымды жобалар да ұйымдастырылды. Мәселен, "Жібек жолы" автокеруеніне, Peking-Paris Motor Challenge раллиіне, Жібек жолы бойынша мототурға 500 жуық адам қатысты.Қытайдың ірі медиа корпорациялары еліміздің туристік әлеуетін белсенді түрде танытты. Қазақстанның ҚХР-дағы туризм жылының жалпы медиа нәтижесі 1,8 млрд қаралымға жетті.Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы саяхатшылар үшін жаңа көкжиектер ашып, туризм индустриясы өкілдеріне серіктестікті кеңейтуге жол ашты.Бүгінгі форумда 80-ге жуық қазақстандық және қытайлық туроператор іскерлік байланыстарды нығайту және әріптестік орнату үшін B2B келіссөздер жүргізді.Айта кетері, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризмі жылы деп жарияланған болатын. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстан-Қытай туризм және инвестициялар форумы өтті. 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризмі жылы болып жарияланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/345/98/3459826_82:0:1119:778_1920x0_80_0_0_45bf24a3d4fa3a13dd171ed1a7b584cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Алматыда Қазақстанның Қытайдағы туризмі жылының ресми жабылу салтанаты өтті.
Қазақстанның Қытайдағы туризмі жылы аясында ҚХР қалаларында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды.
"Биылғы жыл Қазақстан мен Қытайдың туризм саласындағы өзара іс-әрекетінің айтарлықтай кеңеюімен ерекшеленді. Біздің елдеріміз арасындағы туристік ағын елеулі өсімді көрсетті. Бұл бізді тату көрші екендігімізді, өзара түсіністік пен мәдени алмасуға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді", - деді туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.
Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, отандастарымыздың Қытайға сапары – 31%, ал Қытайдан Қазақстанға келген меймандар қатары 50% өсті.
2024 жылдың 10 айында елімізге Қытайдан 550 мың адам келген. Былтыр бұл көрсеткіш 367 мың адамды құраған еді.
Биыл Бейжің, Сиань, Шанхай, Гонконг, Үрімші қалаларында Қазақстанның қалалары мен облыстарының туризм күндері өтіп, біздің ел 4 туристік көрмеде (COTTM, ITB China, ITE Hong Kong, Қытай медициналық туризм жәрмеңкесі) ұсынылды. Шаньдун және Хэбэй провинцияларында екі үлкен концерт өтті. Тяньцзинь қаласында "Алтын адам" және "Ұлы дала" көрмелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің коллекцияларынан экспонаттар ұсынылды.
Сондай-ақ биыл мәдени-ақпараттық іс-шаралармен қатар ауқымды жобалар да ұйымдастырылды. Мәселен, "Жібек жолы" автокеруеніне, Peking-Paris Motor Challenge раллиіне, Жібек жолы бойынша мототурға 500 жуық адам қатысты.
Қытайдың ірі медиа корпорациялары еліміздің туристік әлеуетін белсенді түрде танытты. Қазақстанның ҚХР-дағы туризм жылының жалпы медиа нәтижесі 1,8 млрд қаралымға жетті.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы саяхатшылар үшін жаңа көкжиектер ашып, туризм индустриясы өкілдеріне серіктестікті кеңейтуге жол ашты.
Бүгінгі форумда 80-ге жуық қазақстандық және қытайлық туроператор іскерлік байланыстарды нығайту және әріптестік орнату үшін B2B келіссөздер жүргізді.
Айта кетері, былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризмі жылы деп жарияланған болатын. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстан-Қытай туризм және инвестициялар форумы өтті. 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризмі жылы болып жарияланды.