https://sputnik.kz/20241127/qazaqstanda-rublge-suranys-2023-zhyldan-beri-en-zhogary-dengeyge-koterildi-48846665.html
Қазақстанда рубльге сұраныс 2023 жылдан бері ең жоғары деңгейге көтерілді
Қазақстанда рубльге сұраныс 2023 жылдан бері ең жоғары деңгейге көтерілді
Sputnik Қазақстан
Қазан айында ақша айырбастау орындары ресейлік валютаны 17,6 миллион долларға сатты 27.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-27T15:55+0500
2024-11-27T15:55+0500
2024-11-27T15:55+0500
рубль
https://sputnik.kz/img/87/60/876079_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_8ebba167055e068bd74cb44cfbe40101.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанда қазан айында қолма-қол рубльге сұраныс 2023 жылдың жазынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді, деп хабарлады Бірінші несие бюросы.Республиканың ақша айырбастау пункттерінде қазақстандықтар ресейлік валютаны 8,8 миллиард теңгеге (17,6 миллион долларға) сатып алды.Рубльге деген ең жоғары сұраныс Батыс Қазақстан облысында байқалды. Қазан айында бұл аймақта 1,5 миллиард теңгеге (3 миллион долларға) ресейлік валюта сатылды.Бұл ретте сату белсенді қарқында болды. 2024 жылдың қазан айында Қазақстанның ақша айырбастау орындарында рубль 170,1 млрд теңгеге (340 млн долларға) сатып алынды, бұл қыркүйектегі деңгейден сәл жоғары, бірақ 2023 жылғы қазан айындағы көрсеткіштен 12%-ға төмен.2024 жылдың қазан айында қолма-қол еуро 18 миллиард теңгеге (36 миллион долларға) сатылды, бұл осы жылдың қыркүйегімен салыстырғанда алты есе және 2023 жылдың қазанымен салыстырғанда 11%-ға жоғары.27 қарашадағы жағдай бойынша Ұлттық банк белгілеген рубльдің ресми бағамы 1 рубль үшін 4,75 теңге болды. Қазан айының басында бағам бір рубль үшін 5,18 теңге болса, өткен айдың соңында ресейлік валюта 1 рубль үшін 5,02 теңгеге дейін төмендеді.Бұл ретте теңгенің долларға шаққандағы бағамы арзандауда, 27 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы 1 доллар үшін 498,55 теңгеге бағаланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/87/60/876079_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_43e0d3c6595cd85e35384791e8f6795b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рубль
Қазақстанда рубльге сұраныс 2023 жылдан бері ең жоғары деңгейге көтерілді
Қазан айында ақша айырбастау орындары ресейлік валютаны 17,6 миллион долларға сатты
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанда қазан айында қолма-қол рубльге сұраныс 2023 жылдың жазынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді, деп хабарлады Бірінші несие бюросы.
Республиканың ақша айырбастау пункттерінде қазақстандықтар ресейлік валютаны 8,8 миллиард теңгеге (17,6 миллион долларға) сатып алды.
"2023 жылдың жазында айырбастау орындарындағы нетто-сату 12,9 млрд теңгені құрады", - делінген хабарламада.
Рубльге деген ең жоғары сұраныс Батыс Қазақстан облысында байқалды. Қазан айында бұл аймақта 1,5 миллиард теңгеге (3 миллион долларға) ресейлік валюта сатылды.
Бұл ретте сату белсенді қарқында болды. 2024 жылдың қазан айында Қазақстанның ақша айырбастау орындарында рубль 170,1 млрд теңгеге (340 млн долларға) сатып алынды, бұл қыркүйектегі деңгейден сәл жоғары, бірақ 2023 жылғы қазан айындағы көрсеткіштен 12%-ға төмен.
2024 жылдың қазан айында қолма-қол еуро 18 миллиард теңгеге (36 миллион долларға) сатылды, бұл осы жылдың қыркүйегімен салыстырғанда алты есе және 2023 жылдың қазанымен салыстырғанда 11%-ға жоғары.
27 қарашадағы жағдай бойынша Ұлттық банк белгілеген рубльдің ресми бағамы 1 рубль үшін 4,75 теңге болды. Қазан айының басында бағам бір рубль үшін 5,18 теңге болса, өткен айдың соңында ресейлік валюта 1 рубль үшін 5,02 теңгеге дейін төмендеді.
Бұл ретте теңгенің долларға шаққандағы бағамы арзандауда, 27 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы 1 доллар үшін 498,55 теңгеге бағаланды.