https://sputnik.kz/20241127/qazaqstan-men-resey-strategiyalyq-seriktestiktin-zhana-kokzhiegi--48829373.html
Қазақстанда Ресейдің 23 мың компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр
Қазақстанда Ресейдің 23 мың компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы – берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі, деді Тоқаев "Известия" газетіндегі... 27.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-27T08:29+0500
2024-11-27T08:29+0500
2024-11-27T09:25+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/161/57/1615762_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_84db4ab3297e5133ba259dec83c94dd6.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы – берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі, деді Тоқаев "Известия" газетіндегі мақаласында.Президент екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы тығыз астасып жатқан тарихи және мәдени байланыстарға, сондай-ақ, қос халықтың болашағына қатысты ортақ жауапкершілікке негізделгенін атап өтті.Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономика саласындағы ықпалдастығы тұрақты түрде дамып келеді.Мемлекет басшысының сөзінше, екіжақты инвестиция көлемі де ұлғая түсті. 2023 жылы Ресей компаниялары Қазақстанға 3 миллиард доллардан астам инвестиция салды.Қазақстан да Ресей экономикасына осынша мөлшерде қаржы құйды. Елдеріміз бизнес жүргізуге қолайлы орта қалыптастырып, инвесторларды қолдауға қажетті барлық жағдайды жасап отыр.РФ президенті Путин де "Казахстанская правда" газетінде шыққан мақаласында мемлекеттердің экономикасы үшін маңызды деректерді келтірді."Екі жақты тауар айналымының көрсеткіштерінен көп нәрсе пайымдауға болады. Өткен жылы ол жаңа рекордты жаңартып, 28 миллиард доллар деңгейінен асып түсті, ал биылғы қаңтар-қыркүйек айларында ол 20 миллиард доллардан асты. Өзара сауда құрылымы үнемі әртараптандырылуда, оның ішінде жоғары қосымша құны бар шикізаттық емес өнімдер өсуде. Оның үстіне өзара есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесі үнемі өсіп келеді, бұл екі ел арасындағы коммерциялық операцияларды сыртқы, соның ішінде саяси жағдайлардың теріс әсерінен қорғауға мүмкіндік береді", - деп жазды Путин мақаласында.
https://sputnik.kz/20241127/bugin-putin-memlekettik-saparmen-astanaga-keledi-48817685.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/161/57/1615762_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_2a0d38188e2e4a7cabd59ef4a28144bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстанда Ресейдің 23 мың компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр
08:29 27.11.2024 (жаңартылды: 09:25 27.11.2024) АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы – берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі, деді Тоқаев
"Известия" газетіндегі мақаласында.
Президент екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы тығыз астасып жатқан тарихи және мәдени байланыстарға, сондай-ақ, қос халықтың болашағына қатысты ортақ жауапкершілікке негізделгенін атап өтті.
Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономика саласындағы ықпалдастығы тұрақты түрде дамып келеді.
"Бұған екі елдің үкіметтері мен бизнес өкілдерінің күш-жігерін жұмылдырғанының арқасында қол жеткіздік. Қазір Қазақстанда Ресейдің 23 мың компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Оның 4 мыңы соңғы бір жылдың ішінде құрылды. Біздің ынтымақтастығымыздың қарқыны жоғары екені осыдан-ақ айқын көрінеді", - деді президент.
Мемлекет басшысының сөзінше, екіжақты инвестиция көлемі де ұлғая түсті. 2023 жылы Ресей компаниялары Қазақстанға 3 миллиард доллардан астам инвестиция салды.
Қазақстан да Ресей экономикасына осынша мөлшерде қаржы құйды. Елдеріміз бизнес жүргізуге қолайлы орта қалыптастырып, инвесторларды қолдауға қажетті барлық жағдайды жасап отыр.
РФ президенті Путин де "Казахстанская правда" газетінде шыққан мақаласында мемлекеттердің экономикасы үшін маңызды деректерді келтірді.
"Екі жақты тауар айналымының көрсеткіштерінен көп нәрсе пайымдауға болады. Өткен жылы ол жаңа рекордты жаңартып, 28 миллиард доллар деңгейінен асып түсті, ал биылғы қаңтар-қыркүйек айларында ол 20 миллиард доллардан асты. Өзара сауда құрылымы үнемі әртараптандырылуда, оның ішінде жоғары қосымша құны бар шикізаттық емес өнімдер өсуде. Оның үстіне өзара есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесі үнемі өсіп келеді, бұл екі ел арасындағы коммерциялық операцияларды сыртқы, соның ішінде саяси жағдайлардың теріс әсерінен қорғауға мүмкіндік береді", - деп жазды Путин мақаласында.