https://sputnik.kz/20241127/putin-qazaqstannyn-tagy-ush-qalasynda-orys-tildi-mektep-ashyluyna-umit-bildirdi-48832167.html
Путин Қазақстанның тағы үш қаласында орыс тілді мектептердің ашылуына үміт білдірді
Путин Қазақстанның тағы үш қаласында орыс тілді мектептердің ашылуына үміт білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қос президент екі елдің аумағында өткен мәдени-гуманитарлық іс-шаралардың маңызына тоқталды. 27.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-27T10:51+0500
2024-11-27T10:51+0500
2024-11-27T10:52+0500
владимир путин
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0a/18103508_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_5420a192bc742b0e4fec9bbc498dca7a.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қос президент екі елдің аумағында өткен мәдени-гуманитарлық іс-шаралардың маңызына тоқталды. Ол сондай-ақ 2026 жылы Қазақстанда Ресей бастамасымен келесі "Болашақ ойындары" өтетінін айтып, Қазақстанның осы ойындарына қатысуы және ресейлік спортшылардың Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсетуі гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа форматтарының өзектілігін көрсететінін мәлімдеді. Қазақстан Президенті білім саласына да тоқталып, Ресейдің оқу орындарында 60 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатқанын жеткізді. Ал Путин "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында гуманитарлық саладғы алмасу және білім саласындағы байланыстар туралы өз пікірін білдірді. "Ресейлік және қазақстандық тарап мәдениет, спорт, қоғамдық, жастар ортасы және білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін көп жұмыс атқаруда. Қазақстанда көптеген жетекші ресейлік жоғары оқу орынының, соның ішінде Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалдары табысты жұмыс істейді", - деді Путин. Тоқаев өз кезегінде Қазақстан орыс тіліне әркез қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты. "Елімізде 3500-ден астам мектеп Пушкин тілінде білім береді, телеарналар мен радиостанциялар хабар таратады, газеттер мен журналдар шығады. Барлық дерлік өңірде көрерменнің көзайымы болып жүрген орыс драма театрлары бар. Біздің ел Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясында Орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру туралы бастама көтерді. Ұйым орыс тілін қолдау және оны насихаттау үшін ТМД елдері арасындағы байланысты дамыту мәселесімен айналысатын болады", - деді Тоқаев. Путин Ресей Қазақстанда жаңа орыс тілді мектептердің салынуын және орыс тілінде білім беру сапасын арттыруды қолдайды деді. "Жақын арада Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында осындай тағы үш мектеп ашылады деп күтудеміз. Біз Қазақстан Республикасының басшылығына, соның ішінде Қасым-Жомарт Кемелұлына орыс тіліне құрметпен қарап, халықаралық орыс тілі ұйымын құрудағы маңызды бастамасы үшін алғыс айтамыз. Бұл орыс тілін мемлекетаралық және ұлтаралық қатынас құралы ретінде ілгерілетуге ықпал етеді", - деді Ресей президенті.
https://sputnik.kz/20241120/qazaqstan-orys-tili-boyynsha-khalyqaralyq-uyymga-43-mln-tenge-boledi--48676197.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0a/18103508_455:417:2629:2048_1920x0_80_0_0_08497f722dd3c9414fb66c020f514611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, қасым-жомарт тоқаев
владимир путин, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қос президент екі елдің аумағында өткен мәдени-гуманитарлық іс-шаралардың маңызына тоқталды.
"Өткен жыл Қазақстанда ауқымды "Орыс маусымдары" аясында өтті. Биыл Мәскеуде Астананың Мәдениет күндері өтті және оның аясында Үлкен театр сахнасында "Абай" операсының қойылуы басты оқиға болды. Сондай-ақ Ресейдің басты мұражайлары – Третьяков галереясы мен Эрмитажда Қазақстанның көрмелері өтеді", - деді Тоқаев Ресейде шығатын "Известия" газетіне жарияланған мақаласында.
Ол сондай-ақ 2026 жылы Қазақстанда Ресей бастамасымен келесі "Болашақ ойындары" өтетінін айтып, Қазақстанның осы ойындарына қатысуы және ресейлік спортшылардың Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсетуі гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа форматтарының өзектілігін көрсететінін мәлімдеді.
Қазақстан Президенті білім саласына да тоқталып, Ресейдің оқу орындарында 60 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатқанын жеткізді.
"Қазір Ресейдің оқу орындарында Қазақстаннан барған 60 мыңға жуық студент білім алып жүр. Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалын, ал Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігін ашу жоспарымызда бар", - деді Тоқаев.
Ал Путин "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында гуманитарлық саладғы алмасу және білім саласындағы байланыстар туралы өз пікірін білдірді.
"Ресейлік және қазақстандық тарап мәдениет, спорт, қоғамдық, жастар ортасы және білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін көп жұмыс атқаруда. Қазақстанда көптеген жетекші ресейлік жоғары оқу орынының, соның ішінде Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалдары табысты жұмыс істейді", - деді Путин.
Тоқаев өз кезегінде Қазақстан орыс тіліне әркез қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.
"Елімізде 3500-ден астам мектеп Пушкин тілінде білім береді, телеарналар мен радиостанциялар хабар таратады, газеттер мен журналдар шығады. Барлық дерлік өңірде көрерменнің көзайымы болып жүрген орыс драма театрлары бар. Біздің ел Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясында Орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру туралы бастама көтерді. Ұйым орыс тілін қолдау және оны насихаттау үшін ТМД елдері арасындағы байланысты дамыту мәселесімен айналысатын болады", - деді Тоқаев.
Путин Ресей Қазақстанда жаңа орыс тілді мектептердің салынуын және орыс тілінде білім беру сапасын арттыруды қолдайды деді.
"Жақын арада Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында осындай тағы үш мектеп ашылады деп күтудеміз. Біз Қазақстан Республикасының басшылығына, соның ішінде Қасым-Жомарт Кемелұлына орыс тіліне құрметпен қарап, халықаралық орыс тілі ұйымын құрудағы маңызды бастамасы үшін алғыс айтамыз. Бұл орыс тілін мемлекетаралық және ұлтаралық қатынас құралы ретінде ілгерілетуге ықпал етеді", - деді Ресей президенті.