https://sputnik.kz/20241127/kokshetauda-politsiya-otandyq-serialdarga-tusken-akterdi-ustady-48859107.html
Көкшетауда полиция отандық сериалдарға түскен актерді ұстады
Көкшетауда полиция отандық сериалдарға түскен актерді ұстады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Көкшетау қаласында полиция отандық сериалдарға түскен актерді есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады, деп хабарлады... 27.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-27T17:53+0500
2024-11-27T17:53+0500
2024-11-27T17:53+0500
актер
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Көкшетау қаласында полиция отандық сериалдарға түскен актерді есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.Тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен "аlfa-PVP" синтетикалық есірткісі тәркіленді.Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды. Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды.Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
актер
Көкшетауда полиция отандық сериалдарға түскен актерді ұстады
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Көкшетау қаласында полиция отандық сериалдарға түскен актерді есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен "аlfa-PVP" синтетикалық есірткісі тәркіленді.
Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды. Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.