Неліктен Путинді салтанатты түрде қарсы алды – сарапшы хаттаманың маңызды екенін айтты

© Photo : Официальная страница Эдуарда Полетаева в соцсетяхЭдуард Полетаев
Эдуард Полетаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Жазылу
Саясаттанушы Эдуард Полетаев халықаралық сыпайылық қағидалары туралы айтты
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстандық саясаттанушы өзінің Telegram каналында Ресей президентін дипломатиялық әдеп пен хаттамаға сәйкес қарсы алғанын жазды.
"Әлеуметтік желілердегі қазақстандық нигилистер Қазақстан астанасындағы баннерлерде орыс және қазақ тілінде: "Жоғары мәртебелі, Владимир Путин мырза, қош келдіңіз!" деген жазуға таңғалды. Сондықтан сыртқы істер министрлігі дипломатиялық хаттама мемлекеттік сапармен келген Путинге осылай сөйлеуге міндеттейтінін түсіндірді", - деп жазды саясаттанушы.
Оның пікірінше, хаттама халықаралық қатынастарды реттейді, халықаралық сыпайылық принциптеріне негізделеді және этикет арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір дипломатиялық нормалар жағдайында тараптардың әрекеті қарым-қатынасты нашарлатуы мүмкін, ал қоғам мұндай әрекеттерді серіктес елдің мәдени және дәстүрлі ерекшеліктерін қасақана құрметтемеу ретінде қабылдайды.
Эдуард Полетаев дипломатиялық хаттама мен этикеттің сақталмауының бірқатар нақты мысалын келтірді.
Жапонияда Украина президентінің әйелі Елена Зеленская қабылдауда сары түсті көйлек кигені үшін императорды сыйламады деп айыпталды. Жапон дәстүріне сәйкес, сары киімді тек император үйінің мүшелері киеді, басқаларына мұндай киім киюге тыйым салынған. Бұл жағдайда хаттама бұзылмаған, бірақ қабылдаушы елдің ескерілуі қажет дәстүрлері құрметтелмеді.
G8 саммитінде кіші Джордж Буш канцлер Ангела Меркельдің мойнын уқалай бастады, бұл үлкен жанжал тудырды. Дипломатиялық этикет бойынша келіссөзге қатысушының денесіне қол тигізуге немесе оның арқасынан қағуға болмайды.
G20 саммиті кезінде Букингем сарайындағы қабылдауда Барак Обаманың әйелі ІІ Елизаветаға жақындап, оны бірден құшақтап алды. Монархиялық хаттамаға сәйкес, британиялық монархқа ешкімнің қол тигізуге құқығы жоқ, керісінше, ол кез келген қол астындағы адамдарға немесе шетелдікке қол тигізе алады.
Барак Обама Рауль Кастромен бірлескен баспасөз мәслихатында Куба көшбасшысының иығынан қағуға тырысты. Бұл қимылды байқаған Рауль Кастро Обаманың қолын ұстап үлгерді.
Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо ресми кездесулерге қанық түсті шұлық киеді. Дипломатиялық этикет бойынша мұндай жоғары лауазымды саясаткерге мұндай түстегі шұлық кимеген абзал.
"Тіпті дұрыс таңдалмаған сыйлық жоғары мәртебелі мейманды ренжітіп, елдер арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына әкелуі мүмкін", - деді саясаттанушы.
Мысалы, ГФР делегациясының Мадагаскар Республикасына жоғары деңгейдегі ресми сапары барысында Германия президенті Генрих Любке қабылдаушы мемлекетке сыйлық ретінде түрлі-түсті теледидарды тарту етіп, мұны жиналған мыңдаған қауымға салтанатты түрде хабарлады. Бірақ немістердің бұл сыйлығы ашу-ыза тудырды. Себебі ол кезде бұл елде түсті де, ақ-қара түсті де теледидар мүлдем жоқ еді. Экономикалық жағдайының төмендігін меңзегендей болған бұл сыйлыққа мадагаскарлықтар наразы болды. Сайып келгенде, сапар барысында Германиямен келісілген құжаттарға қол қоюдан бас тартты.
Путин и Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Путин Қазақстанның салтанатты қабылдау рәсіміне таңданыс білдірді
Жаңалықтар
0