Біз үкіметтің жартысын алып келдік – Путин

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана27 ноября 2024. Штурмовики Су-25 во время прибытия президента РФ Владимира Путина в Международном аэропорту Нурсултан Назарбаев.
27 ноября 2024. Штурмовики Су-25 во время прибытия президента РФ Владимира Путина в Международном аэропорту Нурсултан Назарбаев. - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Жазылу
Владимир Путин кейбір мәселелерге Ресей тарапынан көңіл аудару керек екенін атап өтті
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазіргі қиындықтарға қарамастан Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда 30 млрд долларға жеткен. Бұл туралы Астанаға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі
Ақордада кеңейтілген құрамдағы келіссөздер кезінде Путин "Қазақстанның шынымен де стратегиялық әріптес, шынымен де сенімді одақтас" екенін ерекше атап өтті.
"Жаңа шағын құрамда екі жақты қарым-қатынастар кезінде туындайтын проблемаларды да талқыладық. Өзіңіз айтқандай, кейбір мәселелерге Ресей тарапынан көңіл аудару керек. Осы орайда сіздер ресейлік әріптестеріңізден тиісті шешімдерді күтесіздер. Тура сондай сұрақтар біздің тарапымыздан да бар. Бірақ, ең бастысы, барлық сұрақтың жауабын іздеуге және табуға ынта бар, мен оны шағын құрамда болған пікірталас кезінде байқадым. Шешім табылып жатыр. Өз басым біз бірлесіп шеше алмаған мәселені кезіктірмедім. Осы бетімізден қайтпасақ бұдан да зор табыстарға жетеміз", - деді Путин.
Ресей басшысы қазіргі қиындықтарға қарамастан, екі жақты сауданың 30 млрд долларға жеткенін де еске салды.
"Бүгін өнеркәсіп пен қаржы жайын ғана емес, басқа мәселелерді де қарастырдық. Ал ертең ҰҚШҰ аясында қауіпсіздік жайын талқыға саламыз. Мен барлық ресейлік делагацияның атынан айтып отырмын. Бүгін Қазақстанға үкіметіміздің жартысы келіп отыр. Сізге бірлескен жұмысымыз үшін, жасалып отырған атмосфера үшін алғыс айтамыз. Ал бүгінгі кездесуімізге дайындалған құжаттар нормативтік базамызды күшейтеді деген сенімдемін", - деп түйіндеді Ресей басшысы.
27 ноября 2024. Штурмовики Су-25 во время прибытия президента РФ Владимира Путина в Международном аэропорту Нурсултан Назарбаев. - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында күрделі мәселелер жоқ
Жаңалықтар
0