Алматы облысында бірнеше автожол көктемге дейін жабылды

© Photo : Департамент полиции Акмолинской областиЧистка трассы зимой
Чистка трассы зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бүгіннен бастап 2025 жылдың 31 наурызына дейін облыстың екі ауданында автожолдар жабылғанын хабарлады.
Автожолдар жабылуының басты себебі — таулы аймақтағы қар көшкіні қаупі.
Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында келесі бағыттағы автожолдар жабылады:
"Есік қаласы — Есік көлі" 7-ден 15 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол;
"Турен-Батан Асы обсерваториясы" 15-тен 41 км-ге дейін автожол;
"Талғар қаласы — Спутник лагері" 6-дан 11 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Алматы облысы жол басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары қамауға алынды
Жаңалықтар
0