https://sputnik.kz/20241126/zhemqorlardan-tarkilengen-aqshaga-55-zhana-mektep-salyngan-48810985.html
Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 55 жаңа мектеп салынған
Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 55 жаңа мектеп салынған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен... 26.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-26T14:33+0500
2024-11-26T14:33+0500
2024-11-26T14:33+0500
мектеп
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/16/48749157_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_3978ab70f0dffb759e87ad48fe4991fd.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.Қор құрылған уақыттан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде 92 мың оқушы орнына арналған 82 мектептің құрылысы қаржыландырылды.Осылайша, 2024 жылдың басынан бері 18 жаңа мектеп салынды. Бұл мектептердің басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Жаңа мектептерде жайлы білім алу ортасын құру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Аталған өңірлердегі бұл мектептердің құрылысы 9 білім беру ұйымының, оның ішінде, 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 ескі мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
https://sputnik.kz/20240904/zhayly-mektep-auqymdy-zhobasyn-iske-asyruga-23-trln-tenge-bolindi-46764619.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/16/48749157_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_8e72e3d4e97a74e7dcb9c3de242fab52.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, сыбайлас жемқорлық
мектеп, сыбайлас жемқорлық
Жемқорлардан тәркіленген ақшаға 55 жаңа мектеп салынған
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді.
Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жаңадан білім беру ұйымдарын салу немесе жаңғырту, оған жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Қор құрылған уақыттан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде 92 мың оқушы орнына арналған 82 мектептің құрылысы қаржыландырылды.
"Мемлекет балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда 70 мыңға жуық орындық 55 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 7 нысанды іске қосу жоспарлануда", — деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов.
Осылайша, 2024 жылдың басынан бері 18 жаңа мектеп салынды. Бұл мектептердің басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Жаңа мектептерде жайлы білім алу ортасын құру үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Аталған өңірлердегі бұл мектептердің құрылысы 9 білім беру ұйымының, оның ішінде, 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 ескі мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.