Жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 160-қа жуық көпір салынады

© Sputnik / Тимур БатыршинПешеходный мост открыли на станции Шамалган, где произошло страшное ДТП на переезде
Пешеходный мост открыли на станции Шамалган, где произошло страшное ДТП на переезде - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2024
Жазылу
Отандық зауыттардан 150 мың тоннаға жуық рельс және 2 миллионнан астам темірбетон шпал сатып алынады
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 157 көпір салынады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру шеңберінде Алматының айналасында 500 астам жасанды құрылыс, оның ішінде 157 көпір салынуда. Олардың кейбіреулерінің ұзындығы 480 метрге жетеді.
"Жаңа желілерді салу кезіндегі жұмыстар мен материалдардағы қазақстандық қамту үлесі 85% құрайды. 12 500 астам білікті маман жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа темір жол магистральдарын салу үшін отандық зауыттардан 150 мың тоннаға жуық рельс және 2 миллионнан астам темірбетон шпал сатып алынады.
Сондай-ақ іске асырылып жатқан жобалардың мультипликативті әсерін атап өту қажет. 20 жыл ішінде ҚТЖ Ұлттық қорға 543 млрд теңгені пайызбен қайтарады және бюджетке 4 трлн теңгеден астам салық төлейді, оның 102 млрд теңгесі құрылыс кезеңінде түседі.
Жаңалықтар
0