https://sputnik.kz/20241126/toqaev-ministrge-padel-sportyn-ilgeriletudi-tapsyrdy-48815729.html
Тоқаев министрге падел спортын ілгерілетуді тапсырды
Тоқаев министрге падел спортын ілгерілетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысына еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берілді 26.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-26T16:31+0500
2024-11-26T16:31+0500
2024-11-26T16:31+0500
спорт
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/01/48221325_0:81:1280:801_1920x0_80_0_0_fa2b057ee8d33337fb783165ac2a936f.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту, федерациялар жұмысын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, салаға вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталды. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы құрылған топ мүшелері өңірлердегі спорт саласының жағдайына жан-жақты талдау жүргізді. Бұдан бөлек, қолданыстағы "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға негізгі басымдықтарды айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жұмыс тобы құрылды. Халықаралық федерациялармен ынтымақтастық аясын кеңейту, спорт инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.Сонымен қатар мемлекет басшысына еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берілді. Мысалы, шетелдік саяхатшыларға түрлі мүмкіндіктер ұсынатын Neo Nomad Visa жобасы іске қосылды.Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы тау кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленуде. Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес қолға алынды.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды, сондай-ақ елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/01/48221325_52:0:1228:882_1920x0_80_0_0_74b26e2276e59c0959fa6ab8144f9fde.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Тоқаев министрге падел спортын ілгерілетуді тапсырды
Мемлекет басшысына еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берілді
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.
Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту, федерациялар жұмысын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.
Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, салаға вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталды. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы құрылған топ мүшелері өңірлердегі спорт саласының жағдайына жан-жақты талдау жүргізді. Бұдан бөлек, қолданыстағы "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға негізгі басымдықтарды айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жұмыс тобы құрылды. Халықаралық федерациялармен ынтымақтастық аясын кеңейту, спорт инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар мемлекет басшысына еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берілді. Мысалы, шетелдік саяхатшыларға түрлі мүмкіндіктер ұсынатын Neo Nomad Visa жобасы іске қосылды.
Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы тау кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленуде. Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес қолға алынды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды, сондай-ақ елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды тапсырды.