https://sputnik.kz/20241126/resey-fqq-direktory-zhaandyq-qauipsizdik-turaly-aytty-48810019.html
Ресей ФҚҚ директоры жаһандық қауіпсіздік туралы айтты
Ресей ФҚҚ директоры жаһандық қауіпсіздік туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. АҚШ ТМД-да дүрбелең жасағысы келеді, деп мәлімдеді Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников Мәскеуде... 26.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-26T13:39+0500
2024-11-26T13:39+0500
2024-11-26T13:39+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/777/52/7775223_0:0:2067:1162_1920x0_80_0_0_874c8523831d6c50d6cae864dd9eb864.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. АҚШ ТМД-да дүрбелең жасағысы келеді, деп мәлімдеді Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников Мәскеуде ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен барлау қызметтері басшыларының отырысында.Оның сөзін Sputnik Ближнее зарубежье келтірді. НАТО Қара теңіздегі әскери мүмкіндіктерін кеңейтіп, Каспий теңізіне шығуға ұмтылуда, деді Бортников. Ол сондай-ақ альянс Ресей мен Беларусь одақтық мемлекетінің шекарасында шоғырланып, Арктика мен Балтық өңірлеріне тез еніп жатқанын айтты. Сонымен қатар Бортников "англосаксондар Киевті жасырын түрде қауіпті эскалацияға итермелейтінін, Украина аумағы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жалдамалы жауынгерлер мен террористердің ошағына айналғанын және жаһандық жасырын қару нарығы құрылғанын мәлімдеді. Бортников сонымен қатар украин қылмысы есірткі өндірісінің маңызды бөлігін бақылайтынын және қазір бұл фактор Ресейге қарсы гибридтік соғыстың бөлігі ретінде қолданылып жатқанын айтты. Шарада Ресей президенті Владимир Путин де бейнеконференция арқылы сөз сөйледі. Терроризмге қарсы қорғаныс қажет, деді Путин. Сондай-ақ ол ТМД барлау қызметтерінің басты міндетін Достастық елдерінің ісіне сырттан араласудың алдын алу деп атады. Естеріңізге сала кетейік, Мәскеуде ТМД елдерінің барлау қызметтерінің басшылары бас қосты. ХХ кездесуде барлау қызметтерінің өзара іс-қимылының басымдықтары талқыланады, деп хабарлады Ресейдің сыртқы барлау қызметі. Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан делегациялары қатысады деп жоспарлануда.
https://sputnik.kz/20241126/maskeude-tmd-nyn-qauipsizdik-zhane-barlau-qyzmeti-basshylarynyn-kenesi-bastaldy-48806359.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/777/52/7775223_102:0:1934:1374_1920x0_80_0_0_12f47ec7ce85c5ec23ca48b62f7476aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. АҚШ ТМД-да дүрбелең жасағысы келеді, деп мәлімдеді Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников Мәскеуде ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен барлау қызметтері басшыларының отырысында.
Оның сөзін Sputnik Ближнее зарубежье келтірді. НАТО Қара теңіздегі әскери мүмкіндіктерін кеңейтіп, Каспий теңізіне шығуға ұмтылуда, деді Бортников. Ол сондай-ақ альянс Ресей мен Беларусь одақтық мемлекетінің шекарасында шоғырланып, Арктика мен Балтық өңірлеріне тез еніп жатқанын айтты.
Сонымен қатар Бортников "англосаксондар Киевті жасырын түрде қауіпті эскалацияға итермелейтінін, Украина аумағы әлемнің түкпір-түкпірінен келген жалдамалы жауынгерлер мен террористердің ошағына айналғанын және жаһандық жасырын қару нарығы құрылғанын мәлімдеді.
Бортников сонымен қатар украин қылмысы есірткі өндірісінің маңызды бөлігін бақылайтынын және қазір бұл фактор Ресейге қарсы гибридтік соғыстың бөлігі ретінде қолданылып жатқанын айтты.
Шарада Ресей президенті Владимир Путин де бейнеконференция арқылы сөз сөйледі. Терроризмге қарсы қорғаныс қажет, деді Путин. Сондай-ақ ол ТМД барлау қызметтерінің басты міндетін Достастық елдерінің ісіне сырттан араласудың алдын алу деп атады. Естеріңізге сала кетейік, Мәскеуде ТМД елдерінің барлау қызметтерінің басшылары бас қосты.
ХХ кездесуде барлау қызметтерінің өзара іс-қимылының басымдықтары талқыланады, деп хабарлады Ресейдің сыртқы барлау қызметі. Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан делегациялары қатысады деп жоспарлануда.