Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің өткізу қабілетін екі есеге арттыруға ниетті

© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы" торжественная отправка контейнерного поезда Китай – Европа по ТМТМ
торжественная отправка контейнерного поезда Китай – Европа по ТМТМ - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2024
Жазылу
Қазақстан жүк ағынын арттыру мақсатында транзиттік тасымалдарға 50% мөлшерінде арнайы тарифтік жеңілдік ұсынды
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) және "Солтүстік– Оңтүстік" транзиттік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін арттыруға ниетті. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында баяндады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ол әлемдегі дәстүрлі логистикалық бағыттардың өзгеруіне байланысты Солтүстік – Оңтүстік дәлізінің маңызы күннен күнге артып келе жатқанын атап өтті.
"Оның өткізу мүмкіндігі жылына – 10 млн тонна. Нақты тасымалданған жүк көлемі биыл 1,8 млн тоннаны құрады. Дәліздің әлеуетін ескере отырып, оның өткізу мүмкіндігін 20 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", — деді Марат Қарабаев.
Ол үшін, министр атап өткендей, биылғы шілде айында дәлізді Иран, Түрікменстан және Ресеймен синхронды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойылды.
Осы дәліз бойынша жүк ағынын арттыру мақсатында Қазақстан транзиттік тасымалдарға 50% мөлшерінде арнайы тарифтік жеңілдік ұсынды. Одан басқа, Солтүстік – Оңтүстік дәлізінің шығыс бағытында Біріккен көлік-логистикалық компаниясының (БКЛК) үлгісі бойынша Біріңғай логистикалық оператор құру жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі сәтте Қазақстан мен Ресей тарапы бірлескен кәсіпорын құру үшін дайындық жұмыстарын аяқтады. Түрікмен тарапы осы жобаға қатысу мәселесі бойынша шешім қабылдап жатыр.
Биылғы 10 айда ТХКБ дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 68%-ға өсіп, 3,8 млн тонна болды.
Жаңалықтар
0