https://sputnik.kz/20241126/qazaqstan-men-reseydi-75-birlesken-zhoba-baylanystyrady-48821376.html
Қазақстан мен Ресейді 75 бірлескен жоба байланыстырады
Қазақстан мен Ресейді 75 бірлескен жоба байланыстырады
Sputnik Қазақстан
Қарағанды облысындағы фармацевтикалық кластерге 100 миллион доллардан астам инвестиция салынды 26.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-26T19:00+0500
2024-11-26T19:00+0500
2024-11-26T20:27+0500
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15705536_0:168:3046:1881_1920x0_80_0_0_59869119c5b338c5fa168c1991adfca5.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресейді жалпы құны 33 миллиард доллар болатын 75 бірлескен жоба байланыстырады. Бұл туралы Ресей индустрия және сауда министрі Антон Әлиханов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ол Ресей делегациясы Қарағанды облысындағы маңызды өндіріс орындарын аралағанын айтты.Әлиханов Саран қаласындағы колледж түлектері жұмысқа орналасқан Tengri Tyres шина зауытында, алпауыт "Қарметте" болды, сонымен қатар фармацевтикалық кластерді аралады.Соңғы жобаға келетін болсақ, оған 100 миллион доллардан астам инвестиция салынды.Оның айтуынша Қазақстан ресейлік бизнеске мұқият көңіл бөледі және оны дамытуға көмектесіп келеді."Жақын арада жарияланған барлық жаңа жобаны, соның ішінде құю өндірісі мен "Сибур" салып жатқан ірі кәсіпорынды ашамыз деп үміттенемін", - деді Сауда министрлігінің басшысы.Бұған дейін Тоқаев Атырау облысында акционері ресейлік "Сибур" компаниясы болып табылатын полиэтилен зауытын салу жобасын Қазақстан үшін бірегей жоба деп атаған болатын.Ол жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіреді, жобаға 7,4 миллиард доллардан астам инвестиция салу жоспарланып отыр.Сондай-ақ жыл соңына дейін Қазақстанда тракторлар мен комбайндар шығару жөніндегі Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы бірлескен жоба іске қосылады.
https://sputnik.kz/20241125/toqaev-pen-putin-astanada-zhogary-dengeydegi-kelissozder-zhurgizedi-48792133.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15705536_158:0:2889:2048_1920x0_80_0_0_2b655d00299901fa1aa41744995bf066.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей
Қазақстан мен Ресейді 75 бірлескен жоба байланыстырады
19:00 26.11.2024 (жаңартылды: 20:27 26.11.2024) Қарағанды облысындағы фармацевтикалық кластерге 100 миллион доллардан астам инвестиция салынды
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресейді жалпы құны 33 миллиард доллар болатын 75 бірлескен жоба байланыстырады. Бұл туралы Ресей индустрия және сауда министрі Антон Әлиханов айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ол Ресей делегациясы Қарағанды облысындағы маңызды өндіріс орындарын аралағанын айтты.
Әлиханов Саран қаласындағы колледж түлектері жұмысқа орналасқан Tengri Tyres шина зауытында, алпауыт "Қарметте" болды, сонымен қатар фармацевтикалық кластерді аралады.
Соңғы жобаға келетін болсақ, оған 100 миллион доллардан астам инвестиция салынды.
"Соның арқасында Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек пен инсулин шығаратын өндіріс ашылды", - деді Әлиханов.
Оның айтуынша Қазақстан ресейлік бизнеске мұқият көңіл бөледі және оны дамытуға көмектесіп келеді.
"Жақын арада жарияланған барлық жаңа жобаны, соның ішінде құю өндірісі мен "Сибур" салып жатқан ірі кәсіпорынды ашамыз деп үміттенемін", - деді Сауда министрлігінің басшысы.
Бұған дейін Тоқаев Атырау облысында акционері ресейлік "Сибур" компаниясы болып табылатын полиэтилен зауытын салу жобасын Қазақстан үшін бірегей жоба деп атаған болатын.
Ол жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіреді, жобаға 7,4 миллиард доллардан астам инвестиция салу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ жыл соңына дейін Қазақстанда тракторлар мен комбайндар шығару жөніндегі Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы бірлескен жоба іске қосылады.