https://sputnik.kz/20241125/zhambyl-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol-apaty-boldy-eki-adam-tiridey-ortenip-ketti-48793223.html
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам тірідей өртеніп кетті
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам тірідей өртеніп кетті
Sputnik Қазақстан
Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі бірдей көлікті соққан 25.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-25T17:55+0500
2024-11-25T17:55+0500
2024-11-25T17:55+0500
жол апаты
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/104/29/1042916_0:100:1200:775_1920x0_80_0_0_cf79db1b4ec141b03dbb22e0e804e951.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында жол апаты салдарынан екі адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 24 қараша күні кешкі сағат 20:50-де "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео таралды.Таразға бет алған ВАЗ 2114 және BMW көліктері жол жиегінде тоқтап тұрған. Сол кезде Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі бірдей көлікке соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, BMW бірден отқа оранады. Салонда әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған ұлы болған. Екеуі де тірідей жанып кетті.Қазіргі кезде жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Mercedes-тің 44 жастағы иесі қамауға алынды.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/104/29/1042916_93:0:1160:800_1920x0_80_0_0_7472b261ac63fc85d448e57e3e67d986.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты, жамбыл облысы
Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам тірідей өртеніп кетті
Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі бірдей көлікті соққан
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында жол апаты салдарынан екі адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 24 қараша күні кешкі сағат 20:50-де "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген
видео таралды.
Таразға бет алған ВАЗ 2114 және BMW көліктері жол жиегінде тоқтап тұрған. Сол кезде Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі бірдей көлікке соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, BMW бірден отқа оранады. Салонда әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған ұлы болған. Екеуі де тірідей жанып кетті.
Қазіргі кезде жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Mercedes-тің 44 жастағы иесі қамауға алынды.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.