https://sputnik.kz/20241125/reseyden-qytayga-gaz-qubyryn-tartu-zhobasy-qazaqstan-oz-shartyn-zhariyalady-48789031.html
Ресейден Қытайға газ құбырын тарту жобасы: Қазақстан өз шартын жариялады
Ресейден Қытайға газ құбырын тарту жобасы: Қазақстан өз шартын жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан арқылы Ресейден Қытайға газ құбыры тартылған жағдайда қандай талап қойылатынын... 25.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-25T15:21+0500
2024-11-25T15:21+0500
2024-11-25T15:22+0500
газ
ресей
қытай
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_675ec334e9da6ea5771cceb2d8d11319.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан арқылы Ресейден Қытайға газ құбыры тартылған жағдайда қандай талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жақында Ресейдің вице-премьері Александр Новак Шығыс Қазақстан арқылы өтетін жаңа газ құбырын салу жоспарын жариялады. Ол арқылы Қытайға жыл сайын 35 млрд текше метр газ тасымалдауға мүмкіндік бар.Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Мәскеу мен Бейжің бір келісімге келсе, Қазақстан газ құбырын өткізуге жағдай жасайды. Бірақ нақты бір шарт болады.Айта кетері, мәжілісте өткен үкімет сағатында министр Қазақстанға жанар-жағармайдың импортын қай кезде тоқтатуға болатынын да айтты. Алдағы уақытта елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады.
https://sputnik.kz/20241125/qazaqstanda-zhana-munay-ondeu-zauyty-qashan-iske-qosylady-48780280.html
ресей
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_e6a0c07e1c644bf12150fda4ac14945a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, ресей, қытай
Ресейден Қытайға газ құбырын тарту жобасы: Қазақстан өз шартын жариялады
15:21 25.11.2024 (жаңартылды: 15:22 25.11.2024) АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан арқылы Ресейден Қытайға газ құбыры тартылған жағдайда қандай талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жақында Ресейдің вице-премьері Александр Новак Шығыс Қазақстан арқылы өтетін жаңа газ құбырын салу жоспарын жариялады. Ол арқылы Қытайға жыл сайын 35 млрд текше метр газ тасымалдауға мүмкіндік бар.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Мәскеу мен Бейжің бір келісімге келсе, Қазақстан газ құбырын өткізуге жағдай жасайды. Бірақ нақты бір шарт болады.
"Қазақстан осы жобаның іске асырылуына мүдделі. Ресейде тиісті шешімдер қабылданса, біз газ құбырын өткізу үшін өз жерімізді ұсынуға дайынбыз. Бірақ нақты бір шарты болады. Ол – ішкі нарығымызға өзара келіскен бағамен газдың белгісі бір көлемін жеткізу. Біз 10 млрд текше метрге дейін газ аламыз деп отырмыз", - деді Сәтқалиев мәжілісте өткен брифингте.
Айта кетері, мәжілісте өткен үкімет сағатында министр Қазақстанға жанар-жағармайдың импортын қай кезде тоқтатуға болатынын да
айтты. Алдағы уақытта елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты
салынады.